Уақыт тынысы

БАҚ өкілдеріне көрсетілген құрмет

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, полиция қызметінің беделін арттырып, ішкі істер органдары қызметін БАҚ-та белсенді жариялағандары үшін сый-құрмет көрсетті.

Уақыт тынысы

Ел қорғандарына құрмет

23 маусым – егеменді елімізде бейбітшілік орнатуға үлес қосқан тәртіп сақшыларына құрмет көрсету күні. Қазақстан полициясы күні – төзімділік, қырағылық, қарапайымдылық деген ұғымдарды бойына сіңіріп, қызметтің қиындығына қарамастан Анттарына адал болып қалған ерлердің ерлігін ұлықтау […]

Жаршы

Тәлімі терең музей

Кеше Қазақстан полициясы күні қарсаңыңда Қылмыстық атқару жүйесі мен Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің музейіне экскурсия жасады.

Жаршы

Ерлік. Абырой. Міндет.

Қазақстан полициясы күні – ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына, осы қызметтің қалыптасуының басы-қасында болған ардагерлерге алғыс білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта […]

Уақыт тынысы

Дайындық деңгейі

Жақында Екібастұз ЖЭО-да улы заттың шығуымен апаттың салдарын жою бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Жаттығуларға «Өрт сөндіруші» АҚ бөлімшелері, Павлодар облысы ТЖ департаментінің күш құрылымдары жұмылдырылды.

Уақыт тынысы

Мейірімі мол мамандық

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұжымы өздерінің әріптестері – ішкі істер органдарының дәрігерлерін «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтады.

Уақыт тынысы

Ақ халаттылар марапаты

ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталі ұжымы кәсіби мерекелерін салтанатты шарамен атап өтті. Салтанатты шараға Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы, «Нұр Отан» партиясы, Ұлттық медицина холдингінің өкілдері қатысты.

Уақыт тынысы

Қазақстандық полицейлердің мерейін өсірді

Астаналық полицей Сандуғаш Құдабаева әлемнің 200-ге жуық әйел полицейі қатысқан жарыста үздік шықты. Мәскеу қаласында үстіміздегі жылдың 1-5 маусымы аралығында Халықаралық полиция қауымдастығының бастамасымен ІІ Халықаралық әйел полицейлер форумы өткен болатын.

Уақыт тынысы

Өрт сөндірушілер марапатталды

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері үшін 2 маусым салтанатты жиыннан басталды. Петропавлдық өрт сөндірушілерге қала әкімі салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті.