«Сақшы» газеті

Қазақстан полициясының жаршысы

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомстволық «Сақшы» газеті – 1933 жылдың мамыр айынан бері жарық көріп келе жатқан еліміздегі көне басылымдардың бірі. Ішкі істер министрлігінің ақпараттық қызметін қарқындату мақсатында басылым ағымдағы жыл барысында іске қослыған барлық заңнамалар мен құқықтық-номативтік актілерге қатысты ақпараттық, наихаттық, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.

Бүгінгі таңда осы басылым бетінде жарияланып жүрген материалдар Ішкі істер министрлігінің ақпарат-насихаттық жұмысының ажыратылмас бөлігі болып саналады, сондай-ақ, қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыруда, ішкі істер саласы құрылымдарының өзара жұмыс тәжірибесімен алмасуында, ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтық және моральдық-адамгершілік тәрбиені, патриоттық және кәсіби біліктілікті насихаттауда үлкен рөл атқарады.

«Сақшы-На страже» газеттерінің жарық көргеніне 2011 жылы 78 жыл толды. Басылым 1933 жылдан бастап орысша шығып тұрған. 50-жылдары газет «Казахстанская милиция» деген атпен аталды. 60-жылдардан бастап «Сақшы-На страже» деген атпен жарық көріп келеді. Ішкі істер министрлігінің төл газеті осы жылдар ішінде бірнеше мыңдық таралымы бар үлкен басылымға айналып, ішкі істер органдарындағы көптеген буындардың ажырамас көмекшісі бола білді. Алғашқы редакторлары С.Телешов, И.Ильченько, Г.Сармурзин газеттің басылымға айшықты жол салып берді.

Соғыстан кейінгі жылдары барлық БАҚ құралдары сияқты «Сақшы-На страже» газеттері де жан-жақты тақырыптағы материалдар жариялап тұрды. 1999 жылы қазақ газетті дербес шығару жөнінде шешім қабылданады. Ол кезде басшылықта Әбдіжамал Сапарқұлов отырған болатын. бұған дейін газет қазақша шықпаған. Алғашында тираж жинау аса қиынға түседі деген күдік болғанмен, қазақша газет оқырманның зор ықыласына бөленеді. «Сақшының» дербес газет болып шығуына «ұлтым» деген азаматтардың ат салысуы өз көмегін тигізгені рас. Сөйтіп, 1999 жылы министр Қайырбек Сүлейменовтің тікелей бастамасымен 1 сәуіріде «Сақшының» дербес бірінші саны жарық көрген екен. Ол кезде газет нөмірі қазіргідей он екі бет емес, 8 бет болған. Оған дейін 1992 жылы газетті жеке шығаруға біраз әрекеттер болғанымен қайта жабылып қалыпты.

Газет тігінделерін ақтарсақ, Қалижан Бекхожин, Василий Копытин, Константин Тарасов, Алексей Кондратский сынды редакторлардың есімін кездестіреміз. Ғарышкер-ұшқыш П.Беляев, Кеңес Одағының екі мәрте батыры С.Лучанскиий, композитор Соловьев-Седой және басқа да қайраткерлердің сақшыларға арналған жүрекжаржды лебізін оқисың.

Базарбай Исаев, Рысбек Үркімбай, Әбдіжамал Сапарқұлов редакторлық жасаған тұста «Сақшы-На страже» тәртіп сақшыларының рухани серігіне айналды. Оқылуға жеңіл, мейілінше қызықты материалдар беріліп тұрды. Сондай-ақ, газетте белгілі жазушы Нұрғали Ораз, танымал ақын Әлібек Шегебаев еңбек етті. Шағын басылым талай жас тілшілердің қанатын қатайқан «алтын ұя» мектеп болды. Айнаш Көксегенова, Жұмагүл Сәтмұханбетова, Әділет Ыдырысов, Шалқар Естенов сияқты бірталай білікті журналистер қызмет атқарды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған