Омар Ануар Ғалымұлы Омар А.Г. 1979 жылы дүниеге келген.
Білімі: 2005 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетінің «Кітапханатану.Библиография» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
2001 жылдың желтоқсан айынан бастап орталықтандырылған қалалық кітәпхана жүйесінде жұмыс жасаған.
2004 жылдың желтоқсан айынан – ҚР Ұлттық академиялық кітапханада аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған.
2007 жылы «Вечерняя Астана» газетінің мәдениет және спорт бөлімінде тілші қызметін атқарған.
2009 жылдың ақпан айынан бастап –  «Республика.KZ» газетінің бас редакторының орынбасары.
2010 жылдан –«Литер» газетінің тілшісі.
2011 жылы – «Целина» газетінің бас редакторының орынбасары және «Деловой вторник» газетінің шеф редакторы.
2012 жылдан –«На страже» страже газетінің бас редакторы.
Қосымша мәліметтер: «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша екі рет лауреат, Халықаралық Абай клубы әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы әдеби клубының төрағасы. «Шаги проникновения» жыр жинағының авторы.