Бейсенов Еркеғали Болатұлы. 04.05.1984 жылы Қостанай облысына қарасты Амангелді ауданының Сарыторғай ауылында дүниеге келген.
2001-2006 ж.ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналистика факультетінен білім алған.
2003-2004 жылдары «Қазақ радиосының» Астана филиалында бағдарламалар редакторы;
2004-2006 жылдары республикалық «Ел» газетінде экономика бөлімінің меңгерушісі;
2006-2008 жылдары «Нұр-Астана» апталығында шолушы;
2008-2012 жылдары елордалық «Астана ақшамы» газетінде аға тілші және сатира бөлімінің редакторы;
2012-2013 жылдары ІІМ Ішкі істер органдарының Медиа орталығына қарасты «Сақшы» газетінде аға тілші, ақпарат бөлімінің меңгерушісі;
2013-2014 жылдары «Ұлт times» апталығында тілші;
2014-2015 жылдары «ТАҢ» телеарнасында меншікті тілші;
2016-2018 жылдары ІІМ Ішкі істер органдарының Медиа орталығына қарасты «Полиция.kz» журналында Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың қараша айынан бастап «Полиция.kz» журналының Бас редакторы.
2006 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне қатысып, «Журналистика» номинациясы бойынша 1-орын иеленген.
2011 жылы «Қайран, құндылық!..» атты жыр жинағы жарық көрді.
2016 жылы «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» ұйымдастырған республикалық «Алтын тобылғы» байқауының «Ең үздік поэзия» номинациясы бойынша жеңімпазы.
2018 жылы өткен республикалық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының 2-орын және «Заң-Медиа» ЖШС ұйымдастырған детектив жанры байқауының 3-орын иегері.