Басқы бет / Біздің басылымдар / «Ардагер» журналы

«Ардагер» журналы

ҚР «Ішкі істер органдарының Медиа орталығында» жарық көретін құнды басылымдардың бірі – «Ардагер» журналы. Аталмыш журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 26.03.2009 жылы тіркелген.

«Ардагер» – атынан көрініп тұрғандай, ҚР Ішкі істер органдары мен ішкі әскер ардагерлері кеңесінің журналы.

Басылым бетінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі құқық қорғау саласында талай жыл тер төгіп, еңбек еткен ардагерлеріміздің жағымды жаңалықтары мен бөлісер ой-пікірлері, жалпы тыныс-тіршілігі көрініс тапқан.

Қазыналы қарттарымыздың жарқын да бейбіт өмірге деген құштарлығы, жас ұрпаққа айтар ақылы мен көрсетер үлгі-өнегесі де басылым беттерінен орын алған.

«Қартың болса үйіңде, жазып қойған хатпен тең», – деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өйткені, өмірдің сан өткелінен ел болашағы үшін қиналмай өткен ақсақалдарымыз – тарихтың тұнып тұрған дариясындай.

Тәуелсіз елімізде болып жатқан айтулы мерекелер мен маңызды жиындар, іс-шаралар да назардан тыс қалмақ емес. Ардақты ардагерлеріміздің төл журналы өміршең басылымдардың біріне айналмақ.