Басқы бет / Біздің басылымдар / «Есірткісіз болашақ» журналы

«Есірткісіз болашақ» журналы

ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткісіз болашақ» журналы 2006 жылдан бері шығып келеді.

Журнал беттерінде жастардың қызығушылығын арттыратын, сонымен қатар есірткінің зияны мен одан келетін залал, тарихи тәжірибелерге сүйене отырып жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу мақсатындағы құнды мақалалар жарық көреді. Журналдың тағы бір пайдалы тұсы, оқырман жағымсыз оқиғаларды ғана оқымайды, бос уақытында қатысатын әртүрлі мамандық пен өнерпаздар үйірмесі жайлы ақпарат ала алады.

Сонымен қатар, журналдың өзінің стиліне сай тұрақты айдарлары да бар. Атап айтар болсақ, журналымыздың әрбір санында «Бедел» айдары беріліп отырады. Онда талантты, эксклюзивті және үлгілі жас қонақ өзінің жетістігі жайында сыр бөліседі. Мысалы, 2014 жылдың бірінші санында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенмен жүргізілген сұхбат жарық көрді.

Ал, «Қаперіңде жүрсін» айдарында есірткіге қарсы күрес жолында өткізілген спорттық іс-шаралар туралы толық ақпар беріліп отырады. Олардың бағыты да өзгеше, сайысқа қатысушылардың жас мөлшері де әртүрлі болып келеді. Әрине, саламатты өмір салтын қалыптастыруды алдына мақсат тұтқан жас бүлдіршіндер есірткі тәуелділігінен аулақ болары белгілі.

Аты аңызға айналған кейбір жұлдыздардың аянышты тағдыры жайлы  «Сөнген жұлдыздар» айдарынан оқи аласыздар. Кең-байтақ Қазақстанымыздың тарихы мен ғаламат табиғаты да журналымыздың беттерінен орын алады.