Басқы бет / Біздің басылымдар / «Наркопост» журналы

«Наркопост» журналы

ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Наркопост» журналы 2004 жылдан бастап шығып келеді.
Аталған журнал беттерінде есірткіге қарсы күрес барысында атқарылған шаралар сондай-ақ, елімізде өзекті мәселенің біріне айналған нашақорлық дерттің салдары мен одан құтылудың жолдары жайлы мақалалар жарық көреді.
Журналымыздың әр санында беріліп отыратын тұрақты айдарлар да бар. Атап айтар болсақ, «Халықаралық ынтымақтастық», «Профилактика», «Біздің балалар», «Есірткіге қарсы – әлем», «Сенің денсаулығың», «Пікір» және т.б.
Сонымен қатар, «Қысқа қайырғанда…», «Сараптама», «Заң мен құқық», «Іс-тәжірибе», «Ата-аналарға кеңес», «Сұрақтар мен жауаптар», «Біздің сапымызда» секілді жаңа айдарлар 2014 жылдың алғашқы санынан бастап оқырманға жол тартып отыр.
Журналда жарық көрген мақалаларда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесі жайлы айтылады. Сонымен қатар, Парламент депутаттарының, мемлекеттік орган қызметкерлерінің, еліміздің лауазымды және саяси тұлғаларының, халыққа белгілі спортшылардың, әнші және актерлердің де нашақорлық індеті туралы айтылған ой-пікірі беріледі. Есірткіге қарсы күрес жолында көтерілген заңнамалар мен заң жүйесі де жарық көреді. Журналдағы мақалалардың басым бөлігі нашақорлықты алдын ала емдеу, жастар арасында есірткіге қарсы тәрбие жұмыстарын және саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған.
Сондай-ақ, журнал Нашақорлық және есірткіге қарсы күрес саласының халықаралық ұйымдарына, оқу орталықтарына, Білім және ғылым министрлігіне және мемлекеттік органдарға тегін таратылады.