1984 жылы 1 мамыр айында Жамбыл облысы, Құлан ауданы, Карл Маркс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2001 жылы «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
2005 жылдың тамыз айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін Тараз қаласындағы «TeleTRADE Dow Jones International Consulting Ltd» ЖШС шетел брокерлік компаниясының филиалының қаржы сарапшысы.
2006 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың қыркүйек айына дейін Тараз қаласындағы «TeleTRADE» ЖШС филиалының директоры.
2009 жылдың қазан айынан 2011 жылдың сәуір айына дейін Шымкент қаласындағы «TeleTRADE» ЖШС филиалының директоры, сонымен қатар 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың желтоқсан айына дейін «TeleTRADE» ЖШС оңтүстік өңірлері бойынша филиалдарының кураторы.
2011 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың наурыз айына дейін Шымкент қаласындағы «Корпорация NIMEX» ЖШС мақта өңдеу зауытының Шитті мақта сатып алу департаментінің басшысы.
2012 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Астана қаласындағы «КазАгро» АҚ Ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қаржы департаментінің бюджеттік жоспарлау бойынша бас маманы.
2012 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Астана қаласындағы «Мастер СС» ЖШС қаржы директоры.
2013 жылдың қараша айынан 2015 жылдың ақпан айына дейін Астана қаласындағы «ҚР ІІО Медиа-орталығы» ЖШС бухгалтері.
2015 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласындағы «ҚР ІІО Медиа-орталығы» ЖШС бас бухгалтері.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*