Жасөспірімдерге қызығушылығын оятты

День «открытых дверей» организовали полицейские СКО в рамках акции «Закон. Подросток. Безопасность КАЗ Г«Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ашық есік күнін ұйымдастырды.
Түрлі аудан мектептерінен келген 100-ден астам оқушы полицияның құрылу тарихымен танысып қана қоймай, облысымыздың ірі спорттық кешендерін де тамашалай алды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Динара Мұғжанованың хабарлауынша, бұл шаралар ең алдымен саламатты өмір салтын насихаттау мен жасөспірімдер арасындағы жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және олардың полиция қызметкерлеріне деген оң көзқарастарын қалыптастыру мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт орталығымен ашық есік күні ұйымдастырылған. Екі күн ішінде ІІД музейі, жасөспірімдерді бейімдеу орталығы, тергеу изоляторы мен «Қарасай» спорт кешенінде Есіл мен Мамлют аудандарынан келген 100-ден астам оқушы болып қайтты. Акцияға өз қызығушылықтарын қалалық жасөспірімдер де танытты. Оларға арнайы гимнастар өздерінің өнерлерін паш етті. «Бұл бас қосуда біз өмірдің қиын қыстауына түскен балаларға аранап отырмыз», – дейді Динара Мұғжанова. Ең соныңда солтүстікқазақстандық жасөспірімдер ІІД-нің мұражайын аралады. Өздерімен жасты жасөспірімдердің жасаған ерлігі мен кинологиялық орталық, арнайы мақсаттағы жасақтар жайында әзірлеген бейнефильмдер балалардың қызығушылығын оятып жіберді. Олардың көбі мұражайдан алған әсерлерімен өздерінің кураторларымен бөлісті.
Полиция қызметкерлері көрмеден басқа профилактикалық жұмыстарын да қатар жүргізді. Олар балаларға құқықтық және заңды көмек көрсетіп, жасөспірімдерге олардың құқықтарын түсіндіріп берді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*