Қоғамдық жасақтардың көмегі зор

Аким СКО Ерик Султанов Укреплять правопорядок-наша общая задачаТаяуда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен ведомствоаралық комиссия мүшелерінің кезекті жиыны өтіп, басқосу барысында полиция қызметіне көмек қолын созып жүрген қоғамдық ұйымдар туралы сөз қозғалды.
Қазіргі таңда аймақтағы құқық қорғау бағытындағы қоғамдық жасақтардың қатарында 170-тен астам ұйым бар. Олар студенттер, кәсіпорын жұмысшылары мен күзет қызметі өкілдерінен, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауға бейжай қарамайтын ерікті азаматтардан құралған. Облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Рахымжанов бұл жұмыста жастардың көп көмегі тиіп жатқанын айтты. «Жыл басынан бері құқық қорғау бағытындағы қоғамдық жасақтардың қатысуымен 15 қылмыстың беті ашылып, 73 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Үйлердің ауласында болатын қылмыстардың алдын алуда пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары белсенді атсалысады», – дейді полиция полковнигі Бауыржан Рахымжанов.
Қазіргі уақытта қалада 7 үйішілік аула мен 27 кіреберісте бейнебақылау камерасы орнатылған. М.Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев жасөспірімдер арасында алкогольдік өнімдер пен есірткіні пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейд жүргізілетінін және оларды түрлі мәдени-спорттық шараларға тартуға ерекше көңіл бөлінетінін баяндады. Ауданда темір тордан босап шыққандарды жұмыспен қамту және қайта оқыту тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. «Аудандық қылмыстық атқару бөлімі пробация қызметінің есебінде 22 сотталған азамат тұр. Оларды оңалту бойынша жеке бағдарламалар құрылған. 21-не әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді», – дейді М.Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев. Ведомствоаралық комиссия мүшелері аудандағы кейбір көрсеткіштерді жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстарын білдірді. Бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырған облыс басшысы Ерік Сұлтанов: «Қоғамдық орындарда тіркелетін қылмыстар көбейген. Бұған жол бермеу қажет. Осы мәселені келесі тоқсанда тағы бір талқылау керек. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге тиіспіз», – деп, тиісті органдарға тапсырма берді Жамбыл ауданында қылмыстардың саны өткен жылы 0,5 пайызға азайған. Істерді ашу деңгейі 42,6 пайызды құрап отыр. Мұнда да түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мән беріледі. Өңір жетекшісі жазасын өтеу мекемелерінен босап шыққан азаматттармен де етене жұмыс істеуді ескертті. «Ағымдағы жылы құқықтық статискаға сәйкес ертеректі істі болғандар 20 пайызға көбірек қылмыс жасалған», – деген өңір әкімі мұның себебін сұрады. «Істі болғандармен мейлінше көбірек жұмысты жүргізуге тырысып келеміз. Олар босап шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, оларға жұмыс ұсынылады. Алайда, олардың барлығы түзу жолға түсуге асықпайды», – дейді Жамбыл ауданының әкімі Иван Турков.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*