Ұсақ бұзақылыққа төзбесең, үлкен қылмыстың алдын аласың

Кенжегул материалыМемлекет басшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру, кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән беріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктеді.
Осы орайда, қазіргі қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру шеңберінде ІІМ-нің Астана қаласындағы Оқу орталығында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оқу орталығының Әлеуметтік және жалпы құқықтық циклының оқытушылары тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру бағытында онкүндік жоспары жасалып, оның бірінші күні көрме ұйымдастырылып, слайдтар көрсетілді. Онкүндіктің ашылу салтанатында Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Исмағамбетов тыңдаушыларға және жеке құрамға «Нөлдік төзімділік дегеніміз не? Оның қоғамдағы атқаратын рөлі қандай?» деген мәселе төңірегінде сөз қозғады. «Нөлдік төзімділік бұл – күнделікті тіршілігімізде болып жататын ұсақ-түйек, бірлі-жарымды кішігірім бұзақылық, қоқысты жол бойына шығару, белгіленбеген жерде шылым шегу, алкогольді сусындарды ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі көңіл көтеру мекемелерінде болуы. Қолға алынып отырған бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы белсенділікті арттыру, яғни қай-қайсысымыз болмасын, кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамауымыз керек», – деді М.Исмағамбетов. Шара шеңберінде тыңдаушылар рефераттар әзірлеп, конференция өткізді. Мәселен, 3-отыздық тыңдаушылары А.Абишев пен А.Бертаева өз жұмыстарында ішкі істер органдарында өткізілген іс-шаралар туралы және шетелдердің тәжірибесін салыстыра отырып, тақырыпты кеңінен ашты. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында «Нөлдік сабырлық, төзімділік», «Құқық бұзушылыққа жол бермеу!», «Кез келген заң бұзушылыққа және тәртіпсіздікке «жоқ» деп айту керек!» тақырыбындағы ақпараттық хабарландырулар ілінді.
Оқушылардың бойында құқықтық мәдениетті, нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру үшін Кенжегул материалы1мектептерде де бірқатар жұмыстар атқарылды. Теміржол кентінің №29 орта мектебінің 9-11 сынып оқытушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Шара кезінде оқушыларға құқық бұзушылық түсінігі таныстырылып, қоғамда орын алатын құқық бұзушылықтардың салдары талқыланып, бейне материалдар көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында Астана қалалық ІІД Алматы аудандық ІІБ-нің полиция капитаны М.Жұмаділдинова кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық жауапкершілігіне тоқталып, келеңсіздіктің алдын алу мақсатында оқушылармен пікір таластырып, олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклы оқытушыларының ұйымдастыруымен Теміржол кентінің тұрғындары арасында «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділік» атты тақырыпта үгіт жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Алматы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Н.Ақтаев белсене қатысты. Біз ең ұсақ құқық бұзушылық, бұзақылық, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам екендігін үнемі атап көрсеткен жөн. Құқықтық тәртіпті орнату мақсатында, қоғамда тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік ұстанымын қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ІІМ-нің Астана қаласындағы Оқу орталығында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Кенжегүл АУБАКИРОВА,
ІІМ-нің Астана қаласындағы Оқу орталығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*