Мұражайдағы мәнді шара

Ветераны Тайынша Музей ДВД _КАЗ ГҚазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойы қарсаңында аудандық Ішкі істер бөлімі ардагерлері Петропавл қаласының мәдени орындарын аралады.
Бұл кездесуге Петр Ларионов өзінің көзімен көргенін фотосуретке түсіріп алып немерелеріне көрсету үшін фотоаппаратын ала келген. Тайынша аудандық Ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысында жұмыс істеген, әскери флотта қызмет атқарған зейнеткер өзінің жұмысы жайындағы естеліктерімен бөлісуді жақсы көреді. Ардагер Ішкі істер департаменті мұражайында ұйымдастыралытн түрлі кездесулерден шет қалмайды. «Бүгінгі кездесуден алған әсерім тамаша. Полицияның құрылу тарихынан бастап бүгінгі тыныс-тіршілігіне дейін таныстық. Ішкі істер органдарында қаншама қызмет етсем де өзім осынша мағлұматты білмейді екенмін», – дейді Тайынша аудандық Ішкі істер бөлімінің ардагері Петр Ларионов. Солтүстікқазақстандық полиция тарихындағы басты оқиғалар туралы көрмеге қатысушыларға мұражай ашылғаннан бері меңгеруші қызметінде жұмыс істеп келе жатқан отставкідегі милиция подполковнигі Любовь Осинская айтып өтті. Түрлі-түсті және ескі суреттерден өздері мен әріптестерін көрген ардагерлердің таңданысында шек болмады. Ардагерлермен бірге мұражайдың кино залында қысқа метражды фильмдерді тамашалаған қонақтар қазіргі полицияның күнделікті күйбің тіршілігімен жақын танысты. Бұл күні ішкі істер органдарының ардагерлері қаламыздың басқа көрікті жерлері мен мұражайларын аралап қайтты. «Ардагерлеріміздің көбі Ішкі істер департаменті мұражайында болмағандықтан бүгін біз 17 ардагерімізді арнайы ІІД мұражайы, Абылай хан резиденциясы мен ІІД-нің криминалистік полигонын көрсету үшін алып келдік. Бұл көрме олардың естерінде тек жақсы естеліктер қалдыратынына сенеміз. Себебі, біздің бұл келуіміз ардагерлер мен жас қызметкерлер арасындағы қатынасты үзбей патриоттық сезімге баулу болып табылады», – дейді Тайынша аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сағандық Теміреев. Кездесу барысында ардагерлерге шәкірттің қаншалықты маңызды екендігін ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев айтып берді. Полиция полковнигі ардагерлерді өздерінің туған аудандық Ішкі істер бөлімінен қол үзбей, жүйелі түрде жас қызметкерлермен жұмыс өткізу керектігін тапсырды. Ардагерлер болса өз кезегінде үйлеріне келе салысымен қаланың көрікті жерлерінен алған әсерлерімен жас қызметкерлермен бөлісетіндіктерін айтты.

Ерлан МАХМЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*