Тұрмыстық зорлыққа тосқауыл бар

beadc28163fe687e0716cc0ddc39a703Еліміз егемендігін алғалы бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында оң нәтижеге қол жеткізді. Мемлекетіміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғайтын, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, бірдей конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін, әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси Концепциясын іске асыруда.
1998 жылы 29 маусымда еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясына қосылды. Сөйтіп, өзіне Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Дәл осы жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентімен әйелдер және отбасы істері жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылды. Елбасымызбен Ұлттық комиссия қызметінің негізгі бағыттары: әйелдердің саяси, эканомикалық және мәдини тұрғыдан алға басуы, әйелдердің және олардың отбасының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, әйелдерге қатысты кемістушіліктің барлық түрін жою атап көрсетілді. Осыған сәйкес, Президенттің тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Ішкі істер министрлігінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім құрылды. Бұл бөлімнің басты қызметі – әйелдердің конституциялық құқықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолдарын кесу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамды және оның абыройын қорғау жайлы қағида бар. Соған орай 17- бапта: «Ешкім зорлықты, азапты, басқа да қатаң адамның абыройына кір келтіретін қарым-қатынасты немесе жазаны шекпеуі тиіс» деп жазылған. Көптеген мемлекеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында заңдардар қабылданған. 2009 жылы желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу әдістерін әрі қарай жетілдіру мақсатында дайындалған «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алды алу туралы» Заңы күшіне енгені баршаға белгілі. Қазіргі кезде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше Заңның қабылданғаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен зардап шеккен әйелдердің мәселесіне аса көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, заңның қабылданғалы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі, Ішкі істер басқармасының бір субъектісі ретінде түрлі тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдер мәселесіне ерекше назар аударылып келеді. Соңғы 16 жыл бойы әйел және отбасы мәселесімен айналысатын бөлімше жұмысын басқа ішкі істер қызметі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен біріге отырып іске асыруда. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстардың негізгі алдын алу шаралары әйелдерді қорғау екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Айта кететін тағы бір жайт, отбасындағы зорлық-зомбылық барлық әлеуметтік топтар мен ұлысқа, түрлі жас деңгейіне, қала мен ауылға бірдей дәрежеде қатысты. Бұл мәселе әйел мен ер адамның, үлкендер мен кішілердің отбасы құруындағы бірінші кезеңдерінде уақыт өте пайда болуы мүмкін. Тұрмыстық қарым-қатынас аясындағы қылмыстардың отбасындағы ұрыс-керіс, қызғаныштан туған жанжал мен бір-бірін түсінбеушілік, шиеленіскен қарым-қатынас, психикалық аурудың асқынуы, сонымен қатар, ішімдік пайдаланған жерде бой көтеретіні белгілі. Отбасы-тұрмыстық қатынас саласы бойынша келіп түскен өтініштердің 95 пайызында зардап шегуші – әйел адамдар. Әйелдерге қатысты зорлықтың шарттары мен себептерін ескере отырып, олардың алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Мәселен, әкімшілік жауапкершілікке тарту, қорғаныс жарлығын қабылдау, алдын алу сұхбаттарын жүргізу, уақытша панаға орналастыру және құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру. Ерлі-зайыптылар, туысқандар, бірге тұратын адамдар арасында нәзік жандарға зорлық көрсетудің ең негізгі себебі – маскүнемдік болып табылады. Осындай жағдайларда жиі туындайтын бір мәселе бар. Ол – тұрмыста зорлық көрген әйелдер өзіне қол жұмсаған адаммен бір шаңырақтың астында тұрғылары келмейтіндігі. Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жеке тұлғаның тәртібі арнайы талаптарды қажет еткен жағдайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен, әкімшілік құқық бұзған адамға зардап шегуші және оның отбасы мүшелерін қорғау үшін соттың, тұрмыстық зорлық көрсеткен адамға жеке үйде, пәтерде және басқа да панада зардап шегушімен бірге тұруға 30 күнге дейін тыйым салу құқығы бар. Ал, ақшасыз қаңғып қалғысы келмейтін әйелдердің дені қорқыныштан, болмаса, баспанасыз қалмауы үшін, түптеп келгенде, отбасы берекесін сақтап, балаларының болашағы үшін көбіне сол зорлыққа шыдауға бел байлайды. Ең бастысы жұбайларына материалды тәуелді болған нәзік жандар зорлық-зомбылыққа шыдайды. Зорлықтан зардап шегушілердің көбісі түрлі себептерге байланысты полицияға хабарласуға асықпайды. Бірі отбасы жағдайының төмендігін ойласа, енді бірі бұл қадамы онсыз да берекесі кеткен шаңырағын одан ары шайқалтып кетер деп қауіптенеді. Ал үшіншілері араздасудың ақыры ақшасыз қалдырар, далада қалармын деген күдікпен көмек сұрамайды. Осы мақсатта ӘЗЗҚТ инспекторлары заңнама бойынша тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда мекеме және ұйымдармен кездесу жүргізеді. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы тағы бір әдісі – тұрмысы төмен отбасылармен тұрмыстық-сауықтыру жұмыстарын атқару, отбасы институтын берік ұстау, отбасылық қатынас құндылықтарын, үздік салт- дәстүрлерін, тәрбие және жастардың отбасы құруын, отбасылық өмірге дайындық курстарын, отбасы психологиялық институттарын дамыту. ӘЗЗҚТ инспекторлары әйелдер мәселесі және білім саласы, денсаулық сақтау, прокуратура және басқа да жергілікті атқарушы органдар өкілдері кіретін отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамының мүшесі болып табылады. Комиссия отырыстарында әйел адамдардың қиыншылық туғызатын мәселелері және оны шешу жолдары қарастырылады. Комиссия әйелдерге қатысты тұрмыстық-зорлықтың барлық субъектілерінің үйлестік алдын алу әрекеті бойынша жалғыз орган болып табылады. Осыған орай, хабарласқан әйел адамдар санының артуын, оларға қатысты құқық бұзушылықтың артуы деп емес, әйелдердің активті позициясы, олардың зорлықтан қорғану шаралары туралы ақпараттануын, құқық қорғау органдарына артқан сенімдері деп қарастыру қажет. Тұрмыстық зорлық мәселесі бұл қоғам мәселесі және барлық алдын алу субъектілерінің бірігіп жұмыс атқаруы арқасында ғана оң нәтиже көрсетеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Отбасы мен неке институтын нығайту керек, оның беделін көтеріп, ішкі құндылықтарын жандандыру керек. Отбасы, бала және отбасының құндылықтары мен дәстүрлері әрқашан болған және біздің қоғамымызбен мәдинетіміздің басты негізгі көзі болып қала береді», – деді. Саясаттың осы бағыты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы негізі болып табылады.

Қайрат МҰХИТОВ,
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
төрағасының орынбасары,
полиция полковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*