Жауынгерлік Ту Атырауға жетті

DSC_0859Оралдан Атырауға ат терлетіп келген 5517 әскери бөлімінің басшылығы бүгін салтанатты түрде 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін 5546 әскери бөліміне тапсырды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери-патриоттық эстафета «Біз жеңістің мұрагерлеріміз» деген ұранмен Астана қаласында 3-ші ақпанда бастау алып, міне енді еліміздің мұнайлы астанасы Атырау қаласына да келіп жетті.
Жауынгерлік Ту бұған дейін Астана, Қарағанды, Майқұдық, Пришахтинск, Теміртау, Степногор, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе және Орал қалаларындағы болды. Отан қорғаушылардың рухын жанитын, патриоттық үлкен өнегеге айналған Тудың жеткізілуіне байланысты Атырауда 5546 әскери бөлімде салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында 5546 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бекайдар Күртібаев эстафета қатысушылары мен жиналған қонақтарға арнап сөз сөйледі.
–Бұл дивизияның құрамында 5 мың адам болды. Елін қорғап, етігімен қан кешкен ерлердің ерлігі талайларды таңғалдырғанын білесіздер. Бұл дивизияның бірде-бір жауынгері тұтқынға түспеген. Мен сондай батыр бабалардың ұрпағы екенімді әруақытта мақтан тұтамын. Отан қорғау жолында шейіт болған боздақтардың ерлігі мәңгілік ел есінде сақталады. Олар Ұлы Жеңіске жету үшін жан аямай шайқасты. Отаныңды, еліңді, туып-өскен жеріңді сүюді осындай батыр аталарымыздан үйренуіміз керек, – деді подполковник Б. Күртібаев. Жиынға қатысқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова, Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Захарова, Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекешев, ауған мүгедектері қауымдастығы басшылары бастаған топ аға буын ерлігінің ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірованың айтуынша, «Жауынгерлік Ту көшірмесінің эстафетасы» Атырауда алғаш рет өткізіліп отыр және тек Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жауынгерлерінің маңызды тарихи-мемориалды іс-шарасы ғана емес, еліміздің барлық өңірлеріндегі көрнекті әскери-патриоттық оқиға болып табылады.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Захарова, былай деп әңгімесін өрбітті.
– Бұл тудың барлығымыз үшін орасан маңызы бар. Өйткені, Ұлы Отан соғысында жеңіске жету оңай болған жоқ. Қаншама адамның қаны төгілді. Осы тумен қатарлас жауынгерлер Берлинге дейін барып, жеңіске жетті. Сондықтан бейбітшілік өмірде ғұмыр кешіп жатқан жастарымыз мұны ұмытпауы керек. Тыныштық пен достық қарым-қатнастағы бүгінгі тұрмысымыз ұзағынан болғай.
Жауынгерлік Тудың дәл көшірмесі Жеңіс Туы ұрпақтардың сабақтастығы мен бұрынғы батырлықпен үзілмес байланысты көрсетеді, Ұлы Отан соғысындағы халықтың өшпес батырлығы үшін әрқайсымызды мақтаныш сезімімен толтырады.
– Осы эстафета Астанадан 5573 әскери бөлімінен басталды. Ол да елеулі оқиға деп айтуға болады. Себебі, Елбасы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі сол әскери бөлімді ашқанда Жауынгерлік Туды табыс етті. Бұл Тудың барлығымыз үшін орасан маңызы бар. Өйткені, Ұлы Отан соғысында жеңіске жету оңай болған жоқ. Қаншама адамның қаны төгілді. Осы тумен қатарлас жауынгерлер Берлинге дейін барып, жеңіске жетті. Сондықтан бейбітшілік өмірде ғұмыр кешіп жатқан жастарымыз мұны ұмытпауы керек. Тыныштық пен достық қарым-қатнастағы бүгінгі тұрмысымыз ұзағынан болғай, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров. Айтулы шара одан кейін бөлім клубында мерекелік концертке ұласты, ол бөлімнің көркемөнерпаздары дайындаған сахналық көріністен басталды. Соғыстың басталуы, әскерге шығарып салу, окоптардағы ұрыс, полицайлар мен неміс сарбаздары, туыстары мен сүйіктілерінің хаттарын оқу секілді көріністер көрермендерді сол заман оқиғаларына бір сүңгітіп алды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*