Үш ұпақтың басын қосқан кездесу

В СКО ветераны ВОВ и ОВД делятся со школьниками фронтовыми воспоминаниямиПолиция ардагерлері Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған шаралар барысында Петропавл қаласының №42 орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Үш ұрпақтың басы қосылған жиында мектеп тәрбиеленушілері Ұлы Отан және Ауған соғысының ардагерлеріне арнайы әзірлеген мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Матвеевич Гладков өзінің 90 жасында облыстағы мектеп тәрбиеленушілерімен өтетін кездесулердің біріне қалмай қатысып, патриотизмге тәрбиелеуде, жастарға соғыс жылдарындағы қиындықтар мен кеңес жауынгерінің алдына фашизмді жеңу үшін қандай талаптар қойылғандығын айтып, отаншылдыққа тәрбиелеуге үлес қосып келеді.
«Соғыс жылдарында барлық жауынгерлер бір-біріне қатты бауыр басып қалды. Жаудың күштерін кері шегеріп тастау үшін ештеңеден тайсалмай жауға шаптық. Себебі, бізге тек қана жеңіс қажет болатын. Бұл үшін ештеңеден тайсалмай барымызды салып, жанымызды да бердік. Тыл жұмысшылары болса өте ауыр жағдайларда жұмыс істеулеріне тура келді. Десе де жеңіске жеттік», – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Гладков. Өздерінің ұстаздары мен аталарының жасаған ерліктері үшін № 42 мектеп оқушылары алғыстарын жаудырып, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толу мен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 26 жыл толуына орай мектеп тәрбиеленушілері әзірлеген концерттік бағдарламаларын ұсынды. Мерекелік бағдарламаның өткізу сапасына қарағанда балалар ардагерлер мен құқық қорғау қызметкерлерімен өткен кездесуге тиянақты дайындалғандары көрініп-ақ тұр. Кездесу барысында бірінші сыныптан жоғары сынып оқушыларына дейін үзбей қатысты. «Бұл жасалған ерлікті сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Егер де сол соғыста фашистік Германиядан жеңіліп қалған болсақ, кім білсін, біз бұл өмірде болмас па едік», – деді №42 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Владимир Суханов. Балалар жауынгердің ауыр күндерінен алынған көріністерін қойып, соғыс жылдарындағы өлең шумақтары мен өлеңдерін бар ынталарымен айтып берді. Жиын соңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері өскелең ұрпаққа тілек сөздерін айтты. Қазіргі таңда облыстық Ішкі істер департаментінде Ұлы Отан соғысының 10 ардагері бар.

Ерлан МАХМЕТОВ,
СҚО ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*