Сақшылар сыбайластыққа қарсы

DSC_0331Орал қалалық ІІБ мәжіліс залында бөлініс басшыларының алдына қойған Ішкі істер министрлігі және Батыс Қазақстан облыстық ІІД тапсырмаларын, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспарын орындау мақсатында атқарылған жұмыстарды талқылаған жиын өтті.
Орал қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин төрағалық еткен бұл жиынға облыстық Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасталап Сағадетов және кадрлар жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қуаныш Меңдіғұлов қатысты. Бірінші сөз алған М.Ғабдуллин атқарылған жұмыстарды түйіндей келе, полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны көп болғанын жеткізді. Сондықтан алдағы уақытта бөлініс басшыларына қызметкердің өндірісіндегі қылмыстық істерге және әкімшілік материалдарға күнделікті бақылау жүргізу қажеттігі жөнінде қатаң ескертті. Сондай-ақ, жеке құрам арасында қызметтік тәртіп, полицияның имиджін көтеру бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу талап етілді. БҚО ІІД ӨҚБ бастығы, полиция подполковнигі Ж.Сағадетов өз сөзінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшінен енген жаңа ҚР ҚК, ҚІЖК, ӘҚБтК-нің талаптарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша заңда көрсетілген жазаларды толықтай жеткізді. Ал, полиция майоры Қуаныш Меңдіғұлов жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық орын алмай, қызметтік тәртіп өрескел бұзылмауы үшін офицерлік, полицейлік және ардагерлер кеңесінің рөлін көтеріп, тиісті алдын алу жұмыстары пысықталды. Тәртіп сақшылары түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*