Өзгеге өмір сыйла

IMG_5713Астана қалалық Ішкі істер департаментінің ішкі істер органдарының қызметкерлеріне халық сенімін арттыру бағдарламасының шеңберінде «Қан тапсырып – өмір сыйла» атты екі күнге жалғасқан еркін түрдегі донорлық қан тапсыру акциясына қатысты. Басшылық пен полиция қызметкерлері қан тапсыру акциясына ұдайы қатысуды қағидаға айналдырған.
Қан күнделікті түрлі апаттарға түсу салдарынан жарақаттанған жәбірленушілерге, күрделі ота жүргізу кезінде, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға қажет. Өз кезегінде медбикелер полицейлердің еркін түрде қан тапсыруын игі іс деп санайды. Күрделі ауруларға шалдықпаған адам ғана донор бола алады. Ал, тәртіп сақшылары тұрақты түрде медициналық тексерістерден өтіп, физикалық дайындыққа ие. «Біз көптеген жылдар бойы қан тапсыру орталығымен бірлесіп жұмыс істеп келе жатырмыз. Аталмыш акцияға қатыса отырып, біз ең алдымен, донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек беруді ойлаймыз», – дейді қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев. Акцияның бірінші күнінде-ақ 36 қызметкер 16 литрге жуық қан тапсырды. Полицейлер бір емес бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізгендеріне сенімді.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*