Келімсектер кердеңдеп жүр

Елімізде құландай құйғытып тәжік те, өзбек те, қытай да нан тауып жеп жүр. Сауда-саттық жолымен келіп кететін шетелдіктердің айналшықтап Қазақстаннан шықпай, жасырынбақ ойнап жүргені – есіктен имене кірген келімсектердің кердеңдеп төрге озғанының айғағы іспетті. Кейбір кәсіпкерлеріміз де елдегі жұмыс күшін місе тұтпай, көрші мемлекеттерден арзан қол жұмысшыларды, яғни, келімсектерді тартып әлек. Ондай жұмыс берушілер заңды белшесінен басып, ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» заңының талаптарына қарама-қайшы әрекет етуде…
Бүгінгі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелеріне арналған заң жобасы әзірленуде. Аталған заң жоба бір жағынан ішкі қауіпсіздік пен ұлттық еңбек нарығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталса, екінші жағынан экономиканың кадрға сұранысын қанағаттандыруды көздейді. Бұл ретте кадр сұранысы негізінен жоғары білікті мамандардың еркін нарығын құру, жұмыс берушілер үшін шетелдік жұмыс күшін тарту үдерісін либералдандыру арқылы жүзеге асырылмақ. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту үдерісін жетілдіру аясында жұмыс берушіге рұқсат беру идеологиясы тұтастай қайта қаралады. Бүгінгі күні еліміздегі еңбек ресурсының тапшылығын еңсеру мақсатында шетелдік жұмыс күшін тартуға жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, үш жыл өткеннен кейін әлгі грант иесі өзінің шетелдік жұмыс күші ретіндегі мәртебесін нақтылауы керек. Яғни, олар не жұмыс берушінің квотасы арқылы, не өздігінен жұмысқа орналасуға келген шетелдік екені туралы мәртебені алуы керек. Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына интеграциясын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдік жоғары білікті жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғауға септігін тигізеді екен. Заң бойынша шет елден тек елімізде тапшы мамандар шақыртылуы тиіс болатын. Алайда, Теміртаудағы «Арселор Миттал» компаниясы бас директорының әлеуметтік мәселелелер жөніндегі орынбасары етіп, Польша азаматын алдырған. Ол құжатта мүлдем басқа маман ретінде көрсетілген. Ең сорақысы – дәл осы азамат отандық мамандар үстінен «әңгір таяқ ойнатып» қысқарту жұмыстарын жүргізген. Ал, өткен жылы Бас прокуратура инвесторлардың жергілікті жұмысшыларды алалап, бірдей еңбекке әр түрлі ақы төлеген 123 дерек анықтаған. Алдағы уақытта еңбек заңының олқы тұстары жетілдірлмек. Бірақ ел экономикасына 20 миллион доллар құйған инвесторлар бір жылға жұмыс күшінің 50 пайызын өз елдерінен алдыруға құқылы. Депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде елімізге шет елден мигранттар ағылуы мүмкін деп қауіптенеді. Қатарға Армения қосылғаны белгілі. Қырғызстан да одақтас болуға асық. Сондықтан депутаттар шет елдік жұмыс күшіне салық салуды ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстанда сырттан жұмысшы күшін тарту бірнеше заңмен реттелмек. Бірінші «Халықты жұмыспен қамту туралы», одан кейінгісі «Халықтың көші-қоны туралы» заңдар және басқа да заңнамалық және нормативтік актілері бар. Сыртқы жұмыс күшін тарту квотасы ішкі еңбек нарығын қорғау құралы болып табылады. Ал, 2014 жылы ол республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,7 пайыз болды. Өткен жылғымен салыстырғанда биыл квота 45 мың бірлікке азайған. Еліміздегі жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 26 мың шет ел азаматы еңбек етті. Оның 70 пайызы маман және білікті жұмысшылар. Осылардың негізгілері Қытайдан – 22,6%, Түркиядан – 20,7 пайыз шет ел азаматы тартылған. Осы жұмысшылардың жартысынан көбі құрылыс саласына келгендер. Заңды айналып өтіп заңсыз жолмен де келетін еңбек мигранттары да кездесіп жатады. Әрине, ол жасырын емес. Құқық қорғау орғандарының қолына түскендері өздерінің елдеріне кері қайтарылуда. Ал, «сен тимесең, мен тиме» деп жүргендері де қаншама. Жұмыс беруші жеке кәсіпкер оларды көрші мемелекеттен жасырын түрде алып келіп, үйінен шығармай жұмысын жасатуда. Салықтан жалтарған кәсіпкерлер, мигранттарды көзінен таса етпеуде. Сондай-ақ, заң бойынша төленетін салықтан да жалтаруда. Заңсыз жолмен келген шетелдік азаматтардың кейбірі қылмыс жасап құрықталуда. Дегенмен де сарапшылардың келтірген тізіміне тіркелмеген бейресми мигранттардың табысы көрсетілмеген. Жоғарыда көрсетілген бес айдың ішінде еңбек мигранттарының елімізде жұмыс жасауына 61 мыңға жуық рұқсат беріледі екен. Бірінші кезекте 49 мың, ал одан кейін 1199 мигрант рұқсат алған екен. Оңтүстік Қазақстан облысының көрсеткіші бойынша – 32, Атырау – 18, ал Алматының үлесінде 10 пайызды құрап отыр. Мигранттардың 96 пайызы көрші Өзбек елінен келсе, Әзірбайжаннан – 673, Тәжікстаннан – 614, Қырғыстаннан – 561 адам біздің елімізге келіп өз нәпақасын тауып жүрген көрінеді. Сонымен қатар, Армения елінен – 225, Грузиядан – 95, Украйнадан – 36, ал Молдовадан келген екі мигрантқа да Қазақстанда жұмыс жасауға рұқсат берілген. Жұмыс істеуге рұқсат алған мигранттардың 93 пайызының 56 мыңы ер адамдар болса, 4,5 мыңы әйел заты екен. Сондай-ақ, департамент бастығы мигранттарға ел ішінде жұмыс істеуге берілген рұқсаттың ең ұзақ мерзімі 3 ай екенін де еске сала өтті. Шетелдік жұмыс күшін таратамыз деп, қазақ азаматтарының жеп отырған нәпақасынан айырып отырғанымыз осы жиында сөз болғанымен, заңсыз келетін мигранттарды тоқтату туралы мәселеге ешкім де тоқталмады. Ауылдық жерден отбасын асырамақ ниетпен қалаға ағылған азаматтарымыз құрылыс жүріп жатқан жерлерден жұмыс іздейтіні белгілі. Ал, еліміздегі зәулім үйлер мен гимараттардың құрылысын шетелдік компаниялар салуда. Ол жерде жұмыс істейтін мамандардың басым бөлігін өз елдерінен алып келеді. Сонда, қазақ азаматтарына тек қара жұмыс қана бұйырады. Келімсектерді төрімізге кіргізіп, оларға қомақты қаржы төлеп жұмыс береміз деп, өзіміздің жерлестеріміздің жеп отырған нанынан айырып жүрмейік…
Коменнтарилер………..
Тамара ДүйсеноваДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова:
– Біз нені қайта қарауды жоспарлап отырмыз? Ұсынылатын тәртіп бойынша квоталар экономикалық белсенді халыққа шаға отырып есепке алынбайды, керісінше салалар бойынша есептелетін болады. Мәселен, экономикалық қызмет түрлері бойынша осы сала қызметкерлер санының пайыздық қатынасына қарай бөлінеді. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мөлшері экономикалық белсенді халық санына шағылып анықталады. Алайда, бұл ретте қай салаға шетелдік жұмыс күшінің көбірек керек екенін ешкім де айта алмайды. Ресей мен Белоруссияда айлық жоғары. Керісінше, одақ кәсіби мамандардан айырылмас үшін, біздегі жұмыс берушілердің айлықты өсіруіне әсер етуі мүмкін. Егер, Қырғызстан қосылған жағдайда, көреміз. Қазір өз еңбек нарығымызды қорғауға бағытталған заң жобасы қаралып жатыр.
Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау:
Алберт Рау– Заң бұзған шетелдік жұмысшы үшін жұмыс берушіні де жауапқа тарту керек. Шетелдік жұмыс күшін тарту бағытында бірқатар мәселелер орын алуда. Соның бірі – шетелдік мигранттардың заң бұзуы екен. Бұл ретте ең бірінші кезекте жұмыс берушілердің жауапкершілігі жөніндегі мәселені де көтеру керек. Соның ішінде шетелдік жұмыс күшін әкелгендерге жауапкершілік болса. Өйткені, біз инвесторларға белгілі бір уақыт аралығына шетелдерден жұмыс күшін әкелуге мүмкіндік беріп отырмыз. Ендеше, олар да барлық мәселелерге жауап берулері керек. Мәселен, шетелдік жұмысшы заң бұзса, біз оны елден шығарамыз, алайда оны елге әкелген инвестор сол үшін заң алдында толығымен жауап беруі тиіс.
ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саинов:
Серік Саинов– Елбасы елдегі көшіп-қонушыларды заңдастыру бойынша кешенді шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды. Заң қабылдау барысында құжат бірнеше рет қаралды. Жұмыс істеуге келген шетелдіктерді заңдастыру бойынша тұрақты түрде тексерістер өтіп тұрады. Елімізде еңбек ететін әрбір үшінші мигрант өз табысын 20 мың теңгенің мөлшерінде көрсетеді. Мигранттардың 50 пайызға жуығаның ай сайынғы табысы 40 мың теңге болса, 38 пайызы ай сайын 20 мың теңге көлемінде табыс табады. 10 пайызы 60 мың теңге, ал, 1,5 пайызы 100 мың теңге табыс табады. Сонымен қатар, 5 ай бұрын анықталған дерек көзіне сүйенер болсақ, тіркелген мигранттардың табысынан еліміздің бюджетіне шамамен 600 миллион теңге түскен.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*