Қылмыстың өтеуі – жаза!

img_8680_0Өмірін тар қапаста, бостандықтың таңын күтумен өткізіп жүрген жазасын өтеушілердің жасаған қылмыстары әртүрлі болғанымен, алған жазалары біреу. Ол – көгілдір аспанды, әдемі әлемді темір тордың аржағынан ғана көру. Мерзімді жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін де оларды өмір бойы өкшелеп қалмайтын кедергісі тағы бар. Алайда, олардың көбі бостандыққа шыққан соң жұмыссыздар қатарын толықтырады. Оларды жұмысқа орналастырып, ата-аналық құқығын қалпына келтіру қиын-ақ. Бейімдеу орталықтары да жеткіліксіз. Ең бастысы, күйзелістен шығуына көмек қолын созатын психолог мамандарды көбейту мәселесін ертеңге қалдырмай шешу қажет.

Дәл осы мәселе жуырда ғана Бас прокуратурада көтерілді. Онда «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» түрме реформасының екінші форумы болып өтті. Іс-шара Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, «Penal Reform International» халықаралық ұйымы, еліміздегі Ұлыбритания елшілігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Бүгінде түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың қарызы 29 миллиард теңгеден асты, соның ішінде мемлекетке 17 миллиард теңгеден астам екен. Форум жұмысына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Қылмыстық атқару жүйесінің облыстық департаменттерінің жетекшілері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Осы көрсетілген санның тек бір пайызы ғана өтелсе, мемлекетке бар болғаны 55 миллион теңге төленген. Асхат Қайзоллаұлының айтуынша, индустриялық-инновациялық экономикасы, шағын және орта бизнесті дамыту жағдайында еңбек адамы аса қажет екен. Сонымен қатар, сотталушы жазасын өтеу кезінде бұрынғы тәжірибесін жоғалтпай жаңа мамандық иелленіп шықса, қоғаммен еш қиындықсыз етене араласып кете алады. Бостандыққа шыққан кезде шотында алғашқы қадамға қажетті қаражат та жиналып тұрады. бүгінде түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың еңбек жарамдыларының тек 49 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Бұл жалпы жазасын өтеушілердің 30 %-ын ғана құрайды. Оның үстіне Бас прокурор 1987 жылдан бері түзеу мекемелеріндегі өндіріс құралдарының әлі осы күнге дейін жаңартылмағанын тілге тиек етті. құрылғылардың 59 пайызының тозығы жетсе, 25,85-і істен шыққанекен. Осының салдарынан шығарылған тауарлардың 40 пайызы бәсекеге қабілетсіз болып отыр. Жиынды аша отырып, Бас прокурор Асхат Дауылбаев пенитенциарлық реформаның іс жүзінде қол жеткізілген алғашқы нәтижелеріне, түрмеде отырған адамдардың санын кеміту жөніндегі шараларға тоқталды. Нақтырақ айтқанда, сотталған адамдарды қоғам өміріне әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан бейімдеу, оларға электрондық мониторинг жүргізіп отыру жүйесін енгізу, бас бостандығынан айырмайтын қылмыстық-құқықтық шараларды қолдануды кеңейтуге бағытталған пробация институтын енгізудің тиімділігін атап өтті. «Олардың тек 1 пайызы немесе 264 миллион теңгесі ғана өтелді, ал мемлекетке -– 55 миллион теңге төленді. Сондықтан сотталушы жазасын өтеу кезінде бұрынғы тәжірибесін жоғалтпай, жаңа мамандық иеленіп шықса, еш қиындықсыз қоғаммен араласып кете алады. Бостандыққа шыққан кезде шотында алғашқы қадамдарына арналған қаражаты да жиналып тұрады. 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасының басты мақсаты – жазасын өтеушілерді қоғамға пайдалы еңбекке тарту арқылы олардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешу. Сондықтан біз бүгін «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту-2017» атты жаңа жобаны іске қосуды дұрыс деп шештік. Ол бұған дейінгі бастамалардың заңды жалғасы болады. Біз PRI-мен бірлесіп оқуға жеңіл әрі түсінікті тілмен «Сотталғандарға арналған 100 іс» атты бизнес-жәрдемші әзірледік. Әр іске 2-3 бет арналған. Онда бизнесті қалай бастап, қалай жүргізу керектігі, түрме жағдайында қандай іспен айнплысуға болатына жан-жақты түсіндіріледі», – деді Бас прокуроры Асхат Дауылбаев. Г.Әбдіхалықова форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде тәуелсіздік алғаннан бері еліміз жүйелі негізде және дәйекті түрде қылмыстық-құқықтық қатынастарды, соның ішінде қылмыстық жазалауды атқару саласында ізгілендіру саясатын жүргізіп келе жатқандығын атап көрсетіп, ағымдағы жылы мемлекетіміздің пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру және ырықтандыру үрдістерін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің қабылдануы осы бағыттағы маңызды қадам болғандығына тоқталды. Сондай-ақ, ол бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбектің айрықша маңызына тоқтала келіп, аты аңызға айналған Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, 27 жыл бойы тар камерада жападан жалғыз қамауда болған Нельсон Манделаның ауыр тағдырын мысалға келтірді. Адам төзбес қиындықтарға қарамастан, күнделікті еңбектену мүмкіндігінің арқасында Мандела өзіне және өз күшіне сенімін сақтап қана қоймай, сотталғандардың сауатын ашқан. Бұдан бөлек, Гүлшара Әбдіхалықова жиынға қатысушыларды келе жатқан ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың Стратегиялық бағдары адамның толыққанды дамуына қажетті барлық жағдайды жасауға, оның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға, материалдық әл-ауқатын жан-жақты көтеруге бағытталған. Форум жұмысы барысында қатысушылар сотталған адамдардың жұмыспен қамтылғандарының санын 2018 жылға дейін 75 пайызға жеткізуді көздейтін «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» атты PRI әзірлеген жобаны талқылады. Сондай-ақ, олар жобада ұсынылып отырған заңнаманы және еңбек қызметін ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру, колониялардың өндірістік базаларын және оқыту жүйесін дамыту, бизнес құрылымдарын тарту жөніндегі шараларды талқылады. Жоба авторларының пікірінше, бұл шаралар, тұтастай алғанда, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етпек. Сотталған адамдарды еңбекпен қамту – қылмыстық-атқару жүйесінің ең өзекті мәселелерінің бірі екендігі жиында айрықша аталды. Олардың арасындағы еңбекке қабілетті 27 мың адамның жартысы ғана ақы төленетін жұмыспен қамтылған. Осындай жұмыссыздықтың салдарынан қылмыстық ахуал асқынып, тәртіп пен құқық бұзушылық деңгейі арта түседі. Өйткені, түрмеден босап шыққан баспанасы мен тұрақты жалақысы жоқ, тұрмысы орнықпаған адамдар қайтадан құқық түрмедегілерді жұмыспен қамту 1бұзып, қылмыс жасауға бейім болатындығы белгілі. Сондай-ақ, сотталған адамдарды жұмыспен қамтудың қазіргі қалыптасқан жүйесі жәбірленушілерге және мемлекетке келтірілген шығынның өтелуіне қатысты проблемаларды толықтай шешуге мүмкіндік бере алмайды. Бүгінгі таңда сотталғандардың қарызы 29 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекетке қарыздары 17 миллиард теңгеге жетіп отыр. Осы себептен де олардың көпшілігі шартты түрде уақытынан бұрын бостандыққа шыға алмауда. Сондықтан бас бостандығынан айыру орындарында еңбекке тарту арқылы адамды лайықты түрде ынталандырып қана қоймай, оның жаңа мамандық алуына және түрлі өндірістік кәсіпті игеруіне, келтірілген шығынды өтеу және қаражат жинау тәрізді өзге де маңызды мәселелерді шешуіне мүмкіндік жасау – мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Осы мәселелерді шешу – сотталған адамдарды қоғамға оңтайлы бейімдеп қана қоймай, сотталғандарды асырап ұстауға мемлекеттің жұмсайтын шығындарын да азайтуға мүмкіндік береді. Форум аясында сотталған адамдарды түзету және қоғамға бейімдеу, еңбекке дағдыландыру және дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасылды. Жиынға қатысушыларға «Сотталғандар үшін 100 жұмыс» атты іс-тәжірибелік құрал мен «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» жобасын жүзеге асыратын іс-шаралардың жоспары бойынша Үкімет қаулысының жобасы таныстырылды. Аталған ұсыныстар сотталған адамдарды жұмыспен неғұрлым толық қамтамасыз етуге, қайталанып жасалатын қылмыстардың алдын алуға және жазаның өтелу үрдісін барынша тиімді өткізуге бағытталған.

Раушан НАРБЕК

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*