Игі бастаманың жалғасы

IMG_0571Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен оның бағынысты мекемелерінің қызметкерлері Астана қаласы Қан орталығының медициналық тобын шақырып, қан тапсырды.
ҚАЖ департаментінің басшылығы тарапынан жыл сайын ұйымдастырып жүрген бұл игілікті іс-шара, басқа да ішкі істер органдары қызметкерлеріне үлгі етерліктей бастама. Бұған дейінгі жылдары тек департамент қызметкерлері ғана қан тапсырып келсе, осы жолы оған бағынысты мекемелердің де қызметкерлері өздерінің қолдауын көрсетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қазіргі таңда қаншама түрлі сырқаттарға шалдыққандар үшін, кездейсоқ жол апатына түсіп қиналғандар үшін, түрлі жағдайлармен медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінетіндер үшін қанның тапшылығы да кей кездері қылаң беріп отырғаны жасырын емес, міне осындай кезде шұғыл түрде қажет болатын қанның қиналып жатқан адамға қаншалықты қажет екенін түсінген əр қызметкер өздерінің азаматтықтарын тағы да бір қырынан байқатты. Қан орталығының ақ халатты абзал жандары қызметкерлердің қан тапсырамыз деген ізгі ниеттерін қолдап, арнайы департаменттің ғимаратына келіп олардың қан тапсыруларына жағдай жасауларының өзі көңіл толтырарлық іс. Олар қан тапсырушылардың жеке басын растайтын куəліктері арқылы рəсімдеп болғаннан кейін, қан тапсыруға келген əр қызметкердің қанының тобын жəне қан құрамындағы гемоглобинді анықтап, одан соң қан қысымын өлшеп мұқият тексеріп барып, дəрігерлік талаптарға сай болған жағдайда ғана қан тапсыруға рұқсат беруінің өзі, орталық дəрігерлерінің өз істеріне жауапкершілікпен қарайтынын тағы бір дəлелдеді. Қорыта айтқанда, осы екіжақты бірлесіп жасалған игі іс-шараның басқалар үшін үлкен өнеге екені айдан анық. Сондықтан Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымына келешекте тек толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

Ғ.Қазжанов

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*