Отыз күндегі 100-ге жуық заңсыздық

Миграционные полицейские СКО вылавливают нелегаловСолтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жыл басынан бері көші-қон заңнамасы бұзудың 170-тен астам фактісін тіркеген.
Облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркетай Тұтқұшевтың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік және Қылмыстық кодекстеріндегі соны өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес, полиция қызметкерлері елімізге келу, болу ережесін бұзған шетелдіктерді анықтау жұмыстарын жүйелі түрде өткізіліп келеді.
2015 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша құқық қорғау қызметкерлері өңірде болған 1147 шетел азаматының 93-і көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтап отыр. Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен заңды белінен басқан 11 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Оның ішінде, сот шешімін орындамаған төртеуіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы «Сот шешімін орындамау» бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қаңтардың 26-ы күні М.Жұмабаев аудандық соты Әзербайжан Республикасы азаматына елден шығару туралы шешім қабылдап, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған болатын. Шетелдік өткен жылдың қыркүйек айында шығарылған сот шешімін орындамақ түгілі облыс орталығындағы базарлардың бірінде заңсыз саудамен айналысып келген. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны және тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына тіркеу заңнамасын бұзғаны үшін 78 солтүстікқазақстандықты да жауапкершілікке тартты. Сөз орай келгенде, шетел жұмыс күшін қолдану мақсатында заңнамаға өзгерістер еңгізілгенін естеріңізге саламыз. Жеңілдетілген заңнамамен Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарына 45 шетелдік жүгініп, олардың екеуі елімізде жұмыс істеу үшін болу мерзімдерін ұзартқан.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*