Бес қылмыстық топ мал ұрлығымен айналысқан

e1f8dd2f2b364c98ed3bc41f91957f69ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 26-28 қаңтар күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау және қылмыстың осы түрін дер кезінде ашу мақсатында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасын өткізді.
Бұл шараға 1500-ге жуық полицей тартылып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға 94 бекет қойылды. Тәртіп сақшылары базарлар мен сауда нүктелерін және автокөліктерді тексерді.
Жедел алдын алу шарасы кезінде үш күннің ішінде полицейлер 19 мал ұрлығын тіркеп, бір тәуліктің ішінде аталмыш қылмыстардың 13 дерегін ізін суытпай ашты. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары бұрын жасалған 22 мал ұрлығын да әшкереледі. Полицейлер облыс аумағында мал ұрлады деген күдікпен 5 қылмыстық топтың анықтап, 10 күдіктіні қолға түсірді. Жедел шара барысында Арыс ауданында тәртіп сақшылары 1982 және 1986 жылы туған жергілікті екі тұрғынды тиісті құжаттарсыз мал сатқандары үшін қолға түсірді. Тергеу кезінде күдіктілер өткен жылдың тамыз айынан бері 7 мал ұрлығын жасағандарын мойындады. Күдіктілер негізінен 38 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен ірі қара мал мен қойларды ұрлап кеткен. Белгілі болғандай жәбірленуші бұрын өз малының жоғалғаны жөнінде полицияға хабар бермеген. Сонымен, күдіктілер жәбірленушіге жалпы көлемі шамамен екі миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ұрланған малдың бір бөлігін тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарып берді. Бұл жайтқа байланысты күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Мал ұрлығының санын азайту және болдырмау мақсатында, полицейлер облыс тұрғындарын өз малдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, малдары ұрланған жағдайда дереу 102 нөміріне хабар берулерін сұрайды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*