Ауыл әкімі мас күйінде ұсталды

әкім қараАқтауда Өмірзақ ауылының әкімі көлік рөлінде мас күйінде ұсталды. Оқиға 1 ақпан күні кешкі мезгілде Ақтау қаласының орталығында орын алды. Көлікті мас күйде басқарған шенеунік жол-патруль полициясы инспекторларының «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел алдын алу шарасы аясындағы рейді кезінде ұсталды.
Ақтау қалалық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің жол-патруль батальонының командирі Қалдымұрат Айғарақов ұсталған азаматтың Өмірзақ ауылының әкімі Құрманбаев екенін айтты. «Құрманбаев мас күйінде ұсталды. Жүргізуші сәйкес құжаттарын көрсетті, бірақ көлік мас күйде жүргізу бойынша өзге күдіктілер секілді ол да наркологияға жеткізілді. Дәрігерлер оның қан құрамында алкоголь бар екенін анықтады», – деді ол. Айғарақовтың айтуынша, ұсталған азаматқа қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жедел алдын алу шарасы кезінде қалада барлығы 21 мас жүргізуші ұсталып, олардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстанда 36 мың адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны хабарланған еді. Өткен жылы заң бұзған 8 мың жүргізуші қамауға алынған, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*