Балық өнімдерін заңсыз тасымалдаған

ШКО балыкБатыс Қазақстан облыстық ІІД табиғатты қорғау полициясы экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу бойынша алдын алу іс-шараларын ұдайы жүргізуде.
Осындай рейдтік шаралар жүргізу барысында 2015 жылдың 11 қаңтары күні Серебряков ауылының аумағындағы даладан балық өнімдерін тиеп алған бір автокөлікті тоқтатады. Көліктің 31 жастағы жүргізушісі – Орал қаласының тұрғыны балық өнімдерін тиісті құжатсыз тасымалдамақшы болған. Тексеру шаралары кезінде салмағы шамамен 1200 келіден астам балық өнімдері тәркіленді.
Сондай-ақ, 16 қаңтарда Зашаған мен Круглоозерный кенттерінің аумағындағы далалық жерде рейд жүргізу кезінде бір автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде көлікке балық тиелгені, бірақ көлік жүргізушісінде балық өнімін тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ болып шықты. Салмағы 55 келідей бекіре тұқымдас және 1100 келідей ұсақ балық түрлері тәркіленді. Қазіргі уақытта екі факті бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*