Пәтерін «притонға» айналдырып…

Караганды есирткиЕсірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуда және жолын кесуде мемлекет, ішкі істер органы тарапынан көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бірақ түп-тамыры терең жайылған індет жойылар емес. Ішкі істер орган қызметкерлері осындай қылмыс түрін анықтап, бұғаулауда үлкен істер атқаруда. Атап айтсақ, Қарағанды облыстық ІІД Абай аудандық ІІБ тарапынан жедел алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылуы нәтижесінде көптеген қылмыстың жолы кесілді. Абай қаласының 3-шағын ауданы бойында орналасқан пәтерін есірткі затын қолдануға берген, яғни пәтерін «притон» ретінде ұстаған 1968 жылы туған күдікті ұсталды. Пәтерін есірткі затын қолдануға берген ол заңға лайық ұсталып, қылмыстық іс қозғауға төмендегі дәлелдер түрткі болды: Абай аудандық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері тарапынан ағымдағы жылдың қаңтар айының басында жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 1968 жылы туған тұрғынның Абай қаласы 3-шағын ауданы бойында орналасқан пәтерінде 39 және 44 жастағы екі ер адам болған. Тексеру барысында 2 медициналық бір қолданатын шприц, 2 мақта тампоны, ыдыс және күміс түсті фальга қағазының кесіндісі алынды. Сараптама қорытындысы бұларда героин есірткі затының қалдық тұнбасы барын көрсеткен. Міне, осы көрсетілген дәлелдер негізінде, бүгінгі күні 1968 жылы туған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 302-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгісі бойынша Абай ауданының ІІБ тергеу бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*