Жапа шегетін жолаушылардың дені – балалар

3bab87a4d5ede03e3cddd701e2c2014 жылы жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен балалардың үштен бірі автокөлікте жолаушылар ретінде болған.Бүгінгі күні балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігі, жол-көлік жарақаты профилактикасы мәселесіне Павлодар облыстық ІІД баса ден қойып отыр. Айта кетсек, егер 10 жыл бұрын балалар өздерінің кесірінен жиі ЖКО құрбандары болса, ал қазіргі уақытта көбінде ересектердің немқұрайлығынан балалар көлік апатына ұшырайтын болған.
Статистикалық талдау көрсеткендей, Павлодар облысында 2014 жылы балалардың қатысуымен 117 ЖКО тіркелді, апат салдарынан 4-уі қаза тапты және тағы 200-і түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Зардап шеккен балалардың үштен бірі автокөлікте жолаушы ретінде табылған. ЖКО-ның 90 пайыздан астамы жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Көп жағдайда ата-аналар балаларын автокөлікпен тасымалдау ережесін бұзғандықтар осындай келеңсіздіктер орын алып келді. Ата-аналардың балаларын көлікпен тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктерін тақпай, балаларды ұстау құрылғыларын қолданбай, көлік салонында балалардың болғанына қарамастан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындықтары жасырын емес. Денсаулықты сақтау дүниежүзілік ұйымның мәліметі бойынша автокөліктерде автоорындықтарды немесе арнайы қондырғыларды пайдалану сәбилер арасындағы өлімді 71, ал жастары үлкенірек балалар арасында 64 пайызға төмендетті. Ата-аналардың дені балаларын қолда ұстап тұра алатындықтарына сеніп, құрылғыларды қолдануды қажет етпейді. Бұл қате түсінік. Көлікпен 50 км/сағ жылдамдықпен келе жатып соғылысқанда немесе күрт тоқтаған кезде жолаушының салмағы шамамен 30 есе өседі. Егер баланың салмағы 10 кг. болса, онда соқтығысқан кезде баланың салмағы 300 келіге дейін өседі, бұл жағдайда салмағы артқан баланы қолда ұстап тұру мүмкін болмай кетеді. Сондықтан баланы көлікте қолда ұстап тасымалдау ең қауіпті болып саналады. Сол сияқты, өзіңмен бірге баланы бір белдікпен бекітуге болмайды. Соқтығыс кезінде Сіз өз салмағыңызбен баланы езіп тастайсыз. Бірқатар шет елде жүргізілген ғылыми жұмыстар нәтижелері көрсетіп отырғандай балаларды ұстау құрылғыларын пайдаланғанда апат кезінде зардап шеккен балалар 80, ауыр дене жарақатын алғандар 64-80, ал жеңіл жарақат түрі 70 пайызғ азайған. Мысалы, Португалияда 1998 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі аралықта 12 жастан кіші балалар – жолаушылар арасында балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану деңгейі 42 пайызға өсті. Осы категориядағы балалардың өлімі 45 пайызға кеміді. Әдеттегідей, табыс көздері жоғары дамыған елдерде мұндай құрылғылар кеңінен қолданыста. Мәселен, Ұлыбритания және Швецияда орта есеппен алғанда жаңадан туған нәрестелер мен сәбилердің 95, ал Австралияда 90 АҚШ-та 86 пайызы арнайы балалар орындықтарымен тасымалданады. Еуропа елдерінің көбінде және көрші мемлекет Ресейде балаларды ұстау құрылғылары міндетті түрде 12 жасқа дейінгі балаларды 32tHRM2S25тасымалдау үшін пайдаланылады. Еуропа елдерінде міндетті түрде автоорындық пайдалану жөнінде ережені бұзғаны үшін әр көлемдегі айыппұлмен жазаланады. Белгияда бұл ережені бұзғаны үшін жүргізуші 3 айға автокөлікті жүргізу құқығынан және 1 күннен 30 күнге дейін бас бостандығынан айырылады. Еуропа елдерінде де қажетті қауіпсіздік құралдарынсыз балаларды тасымалдағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осылай, АҚШ-та әр штаттың заңнамалық нормаларының айырмашылығы едәуір жоғары болғандықтан, айыппұл көлемдері де 25 пен 100 доллардың шегінде тұрақсыздануда. Австрияда қаза тапқан немесе жарақат алған жағдайда қажетті бекіту құрылғысы болмағаны үшін баланы өз қамқорлығына алған ересектер жауапты болады. Кейбір елдерде (мысалы, Ұлыбританияда, Германияда) балаларды тасымалдамаған кезде БҰҚ пайдаланбағаны үшін ғана емес, сондай-ақ оны баланың жасына, салмағына немесе бойына қарай, балалар орындықтарын дұрыс бекітпегені үшін де жауапкершілікке тартылады. Германияда балаларды ұстау құрылғысын автокөліктің алдыңғы орындығына қауіпсіздік жастықтарын сөндірмей орнатқан кезде жүргізуші 25 евро көлемінде айыппұл төлеу түрінде жауапкершілкке тартылады.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*