Миллионды қолды қылғандар ресейліктер екен

Кража крупной суммы  денег_КАЗ  ГПетропавл қаласында ірі көлемдегі ақша ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы қамауға алынды.
Петропавл қалалық ІІБ бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кеңсесінен ірі көлемдегі ақшаны қолды қылуға қатысы бар деген күдікпен екі адамды қамауға алды. Қамауға алынғандардың бірі Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
Ішкі істер басқармасының №1 полиция бөліміне Петропавл қаласының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бастығы арызданып, мекеменің дүкен ғимараты ішінен 950 мың теңге шамасындағы ақшаның қолды болғандығы жайында хабарлаған. Арызданушының айтуынша, ұрлық таңғы 9 бен түскі 1-лер аралығында орын алған. Өндірістік ауданда орналасқан ғимараттың ішіндегі дүкенге қылмыскерлер терезе арқылы енген көрінеді. Жедел тергеу тобының қызметкерлері қылмыс орнын тыңғылықты тексеріп шықты. Ал криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері болса күдіктілер мен куәгерлерді іздестіру жұмыстарымен айналыса бастады.
«Жедел іздестіру, оқиға болған жерді тиянақты тексеру іс-шаралары барысында қылмыскерлердің ғимарат ішіне пластикалық терезені бұзу арқылы еніп, дүкен ішіндегі сейфтен ақшаны қолды қылғандығы белгілі болды. Қылмыскерлердің оңай олжасына айналған мекемеде күзет пен дабыл жүйесі болмаған», – деп хабарлайды Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы №1 полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция подполковнигі Ирина Холодова. Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының арқасында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1975 пен 1989 жылы туған екі жігітті қолға түсіреді. Кейіннен екеуі де қамауға алынады. Ертеректе олардың ешқайсысы да қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Бірі Ресей мемлекетінің 26 жастағы жұмыссыз тұрғыны. Ол Калининград облысынан Қазақстанға туыстарына қонаққа келген екен. Ал қамауға алынған екінші күдікті Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Тергеу барысында қамауға алынғандар жасаған қылмыстарын толығымен мойындап, қолды қылған ақшаның жартысын өз қажеттіліктеріне жаратқандығын айтқан. Қазіргі таңда бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Бұл баптың санкциясы бойынша күдіктілерге 3-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Полиция қызметкерлері жекеменшік серіктестіктер мен кеңсе басшыларына өз мүліктеріне мұқият болып, ірі көлемдегі ақша немесе сейфтер орналасқан ғимараттардың терезелеріне темір тор, кіреберіс есіктерін темірден орнатып, тиісті қауіпсіздік шараларын жасауды ескертеді. Бұдан бөлек, кеңсе мен басқа да ғимараттардың іші-сыртын бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз еткен жөн.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*