Жедел басқару орталығы жұмысқа кірісті

Семей ЖКО ашылауы (1)Семей қалалық ІІБ-де Жедел басқару орталығының ашылуы салтанатты түрде өтті. Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Текешов пен Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, облыстық ІІД-нің бастығы Ж.Бақтыбаев және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және күш құрылымдарының басшылары қатысты.
Семей қаласында Жедел басқару орталығының құрылысы кезінде Алматы, Астана қалаларының және басқа да облыс орталықтарының тәжірибесі ескерілді. Бұл орталықтың басты ерекшелігі – полиция күштерін біріктіріп қана қоймай, басқа да мүдделі қызметтерді, атап айтқанда, ТЖ бөлімшелерін, жедел жәрдем қызметін, түрлі апаттық-диспетчерлік қызметті біріктіруге қабілетті. Яғни, ол Семей қаласын бірыңғай жедел басқару органы бола алады. ЖБО-ның қадағалау міндеті полиция қызметінің жеделдігін, ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Семей қалалық ІІБ жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі ауа райының кез келген құбылысына төзімді, оптикасы 20 есе үлкейтіп көрсететін 20 бейнекамерамен қамтылған. Бұл құрылғылар халық көп шоғырланатын жерлерінде орнатылған. Келесі жылы тағы да 20 бейнебақылау құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Айта кету керек, орталықта орнатылған аппараттық-бағдарламалық заманауи кешені бейнебақылау жүйесін 400 бейнекамераға дейін кеңейте алады. Бұл Семей қаласының барлық қоғамдық орындары мен криминогенді аудандарын бейнебақылаумен қамтып, полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді. Проблемалық учаскелер де тәулік бойы бақыланады. Жедел басқару орталығының жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, оның ішінде, көшелерде, қоғамдық орындарда полицияның кешенді күштерінің қылмысқа, сонымен қатар, азаматтардың қылмыс туралы хабарламаларына жедел әрекет етуіне бағытталған. Семей қалалық ІІБ ЖБО штатында барлығы 32 адам, оның ішінде 6 қызметкер тәулік бойы кезекшілік етеді. ЖБО-ның тәжірибесі бұл жүйенің тиімділігін көрсетіп отыр. Өйткені, бейнебақылау жүйесі – қоғамдық тәртіпті тәулік бойы күзетуге қатысатын ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының үйлестірушісі. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттерін, яғни, жасалған қылмыс үшін жазаға тартылуын қамтамасыз етуде, жедел жағдайда жұмыстарын жүзеге асыруда бейнебақылаудың болғаны елеулі әсер тигізеді, бейнебақылау көмегімен жасалған қылмыстар есепке алынып, сақталады. Тиімді басқару үшін орталыққа жол-патруль полициясы қосылған. Бұл әрекет ету процесін анағұрлым тиімді басқаруға және мобильді болуға мүмкіндік береді. Әр жұмыс орны компьютермен, телефонмен және радиобайланыспен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда жедел басқару орталықтары еліміздің барлық облыс орталықтарында жұмыс істеу үстінде. Өскемен қаласында ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының бірінші орталығы өзінің тиімділігін дәлелдеген. Облыстағы жұмыс істеп тұрған жедел басқару орталығының тәжірибесі бойынша камералар орнатылған жерлерде құқық бұзушылық анағұрлым азайған. Қылмыс орын алып жатса да, оларды ашу пайызы жоғары екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі күні ІІД Өскемен қалалық ІІБ жедел басқару орталығының сыртқы бақылау жүйесінде 97 стационарлық бейнекамера бар. Оның ішінде 17-сі қоғамдық орындарда (базарлар, алаңдар, сауда үйлері), 38-і көше қиылыстарында, 4-уі қалаға шығатын және кіретін орындарда, 14-і әкімшілік ғимараттар аумағында орналасқан.
Семей ЖКО ашылауы (3)Бейнебақылау камераларының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасында да маңызы зор. Қазіргі таңда бейнебақылау жүйесі Зырян, Риддер, Аякөз, Шемонайха аудандарында жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, келесі жылдың басында Риддер қаласында Жедел басқару орталығын ашу жоспарланып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында құқық қорғау органдарына қылмыспен күресті, қоғамдық тәртіпті күзетуді, «Нөлдік төзімділік» қағидасын қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылған. Ұсақ құқық бұзушылық жағдайына төзбеу атмосферасы, жалпы, қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
ЖБО қызметі қылмыстық жағдайға оң әсерін тигізеді, олардың негізгі міндеттері –азаматтардың оқиғалар туралы хабарламаларына жедел әрекет ету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде полиция күштерін және құралдарын тиімді басқару. ҚР Ішкі істер министрлігімен 27 шағын қалада және 8 күрделі криминалды жағдайлардағы қалада ЖБО салу мәселелері қарастырылуда. Бейнебақылау жүйесін ары қарай дамыту – қылмыспен күресудің жаңа деңгейіне және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, қорытындысында халықтың ішкі істер органдарына деген сенімі артады.

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*