Ата-баба аңсаған күн абыроймен аталды

Семей қ. ІІБ Тәуелсіздік мерекесі бойынша2Тәуелсіздік күні – республикамыз үшін айтулы күндердің бірі. Бұл ұлық мейрамды еліміздің тәуелсіздік тұғырының нық болып, азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тер төгіп, қала қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлері де мерекелік көңіл-күймен атап өтті.
Осы орайда Семей қалалық ІІБ кіші мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері, бөлім және бөлімше басшылары мен уақытпен санаспай, қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтауда бел шешпей, еселей еңбек етіп, жоғары жетістікке қол жеткізген полиция қызметкерлері қатысты. Атқарушы билік тарапынан мерекелік жиынға қатысқан құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің жетекшісі З.Қасымжанова қала әкімінің мерекелік құттықтау хатын ресми түрде оқып, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен бес қызметкерді қала әкімінің құрмет грамотасымен марапаттады. «Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті. Егемендікке қол жеткізген еліміздің ең құнды мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, қызметтік міндеттеріңізді өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін», – деді Семей қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ж.Исадилов. Шара барысында Семей қалалық ІІБ бастығының бұйрығымен Тәуелсіздік күніне орай қызметтерінде оң нәтижеге қол жеткізген барлығы 162 қызметкер, оның ішінде, 26 тәртіп сақшысы грамота, 20-сы алғыс хатпен марапатталды.

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*