Шен сыйлаған шара

День Независимости РК, 2014г Жамбыл1Тарихи маңызы бар мереке күні Жамбыл облыстық ІІД-де салтанатты жиналыс өтіп, оған ІІД басшылығы мен ардагерлері, Тараз полиция гарнизонының жеке құрамы, БАҚ және жұртшылық өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашқан Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов: «Бұл жылы Тәуелсіздік мерекесі тағы бір ерекше оқиғамен – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының ауқымды бағдарламасы «Нұрлы жол – болашақққа бастар жол» Жолдауымен айшықталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанның Жаңа экономикалық саясаты жөнінде жариялап, оның экономикамыздағы құрылымдық реформалар жалғасына бағытталғанын айтты. ІІО жүйесі де түбегейлі өзгерді, құқық қорғау күштерінің құрылымында өзінің сан қырлы қызметінің нәтижесінде егеменді еліміздің құқықтық саясатын жүзеге асыруда», – деді. Сөзінің соңында ІІД бастығы жеке құрамды Азаттық күнімен құттықтап, бейбітшілік пен келісім, табыс пен амандық тіледі. Бұл күні қызметтік парызын адал атқарған жамбылдық полицейлер түрлі марапаттарға ие болды. Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Егембердиев мерекелік бұйрықты оқығаннан кейін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Үкімет наградасы – «Ерлігі үшін» медалін ҰҚҚКБ бастығының орынбасары, полиция майоры Әлім Бажықбаев алды. Бұл жоғары марапатқа ол аса қауіпті қылмыстарды ашқаны және өрт кезінде балаларды құтқарып, ерлік пен батылдық көрсеткені үшін ие болды. Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымовтың бұйрығымен 9 қызметкер марапатталды. Құрмет грамотасымен бір қызметкер, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен екі сақшы марапатталса, басқалары грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды. Жалпы мерекеге орай ІІД бастығының бұйрығымен 893 қызметкер марапатталды. Оның ішінде, 21 қызметкерге грамота, 15-не алғыс хат табыс етіліп, 30-на алғыс жарияланды, ал 783 адам ақшалай сыйақы алды. Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев 2 адамға Құрмет грамотасын, 3 адамға алғыс хат тапсырды.
Жиында Жамбыл облысы ІІО мен ІӘ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Смаилов та өз құттықтау жеткізіп, барша қызметкерлерге, олардың жақындарына зор денсаулық пен амандық тілеп, кеңес атынан наградалар тапсырды. Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы, Қазақстанның Халық Батыры С.Нұрмағамбетов атындағы медаль ІІД-нің КЖБ бастығы, полиция полковнигі Е.Егембердиевке, ІІО ардагерлері отставкідегі полковниктер Ж.Қалдарбеков пен Н.Биназаровқа тапсырылды. Сондай-ақ 18 ардагер мерекеге байланысты марапатталды. Атап айтқанда, Мәскеу қаласының «Честь» жедел қызмет ардагерлерінің аймақаралық қоғамдық бірлестігінің «Милиция ардагері» медалі екі ардагерге, «Міндет. Абырой. Ерлік» төс белгісі мен Жамбыл облысы ІІО және ІӘ ардагерлер кеңесі мен ІІМ Ардагерлер кеңесінің грамотасы салтанатты түрде бірнеше аға буын өкіліне табыс етілді. Іс-шара полиция қызметкерлері ұйымдастырған үлкен мерекелік концертке ұласты. Концертте Астанада Тәуелсіздік күніне орай өткен «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты патриоттық әндер байқауынан лайықты жеңіспен оралған Жамбыл облыстық ІІД вокалды-аспаптар ансамблі өнер көрсетті. Аймақтың намысын қорғаған заңсыз көші-қонмен күрес бойынша арнайы жеке ротаның инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрым Қойгелдиев өнер додасында 2-орынды иеленсе, ансамбль конкурс дипломанты атанған болатын. Салтанатты кеште Н.Қойгелдиев пен ІІД ансамблінің орындауындағы Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған әннің тұсауы кесілді.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*