Ант – адалдықты сүйеді

Тараз МКҚБ День независим 2Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті.
Жеке құрамды патриоттық тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23-ші жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара Жамбыл облысы МКҚБ-ның алаңында өтті. Мерекелік жиынға Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет кызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Б.Ратаев, МКҚБ ММ-нің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Сүлейменов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Қошқаров қатысып, аға буын жеке құрамды ел тарихындағы елеулі мереке – Азаттық күнімен құттықтаса, ардагерлер осы маңызды күні Ант қабылдап, қатарға жаңа қосылған жас маманға жауапкершілігі мол қызметте сәттілік тіледі. Салтанатты іс-шара қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерден салтанатты түрде ант қабылдаудан басталды. Жамбыл облысы МКҚБ-ның аланыңда жеке құрам қызметкерлері сапқа тұрғызылып, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай алғашқы арнайы атақтарына ие болды. Атап айтқанда, полиция лейтенанты А.Маткаримовқа, арнайы кезекті полиция аға лейтенанттары атақтары Е.Бөгембаев, И.Айдынов, Е.Шаймерденов пен К.Мырзалиевқа берілді. Бұдан соң қызметте үздік шыққан өзге де полиция қызметкерлеріне грамота, алғыс хаттар салтанатты түрде табыс еттілді. МКҚБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Қошқаров МКҚБ-на естелікке «Саnon» фотоаппаратын табыс етіп, жиналған полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Жас қызметкерлерді ант қабылдауымен құттықтаған кеңес төрағасы сақшылардың әрдайым азаматтардың бостандығы мен мызғымас құқығын сақтауды қамтамасыз етудегі еңбектеріне толағай табыс тілеп, марапатталған полиция қызметкерлерінің абыройының асқақтай беруіне тілектестігін жеткізді.

А.БОРАНҒАЗИЕВ, Жамбыл облысы МКҚБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*