Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

ІІМ Алматы академиясыҚабылдау шарттары
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы Академиясына үміткерлерді қабылдау бюджеті негізінде әр облысқа ҚР ІІМ-нің тәртіптемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Оқуға жіберілген үміткерлерді оқып білу және іріктеу қалалық, облыстық және Көліктегі ІІД-нің кадр аппараттарымен жүзеге асырылады. ҚР ІІМ Алматы Академиясы тергеу-криминалистика қызметі; жедел іздестіру қызметі; жедел-криминалистика қызметі; әкімшілік-құқықтық қызметі атты 4 бағытқа мамандандырылған «050303-құқық қорғау қызметі» бойынша және техникалық факультеті «5В140100» ақпараттық жүйелер қызметі деген бағыттағы мамандар даярлайды және білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Академияда оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына оқуға қабылдау Ережесіне сәйкес Академияға кәсіптік-техникалық және жалпы орта білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, оқуға және әскери қызметке денсаулығы жарамды, 16 жасқа толған және 25 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Кешендік тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде және негізгі пән (дүниежүзі тарихы) бойынша көрсетілген мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. ІІМ-нің білім беру мекемелерінде күндізгі оқу түрі бойынша толық курсты бітірген тұлғалар үшін, оқу мезгілі шұғыл әскери қызметті өтумен тең болады. ҚР ІІМ Алматы Академиясының тыңдаушылары оқу кезінде казармалық үй-жайда тұрады, республикалық бюджет есебінен тамақтанады және киінеді, шәкіртақы алады. ҚР ІІМ Алматы Академиясы түлектерін ІІО-ның аймақтық бөлімшелеріне орналастыруға кепілдік береді.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
ІІМ Алматы академиясы ант қабылдау2013ҚР ІІМ Алматы Академиясындағы өткізілетін тәрбиелік жұмыстар тыңдаушыларды жоғары адамгершіліктегі тұлғалық және кәсіби маманданған азамат ретінде қалыптасуға үндестірілуі мақсатында өткізіледі. Бұл олардың өз Отаны Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін, халқына және мемлекетіне шын берілгендігін және сүйіспеншілігін, Қазақстан халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне деген құрметін оятады. Жыл сайын тыңдаушылар республикалық, аймақтық теориялық конференцияларға, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырады. Тәрбиелік қызметтің барлық жүйесі күндізгі оқу факультетімен, кафедралармен, курстық буынмен, кураторлармен, сондай-ақ қоғамдық құрылымдармен тығыз байланысты. Тыңдаушылар арасында тәрбие жұмыстарының негізгі көрсеткіші теориялық білімнен алынған жоғарғы деңгей және оны практикалық қызметте ұтымды пайдалану болып табылады. Алматы Академиясы қабырғасында дәстүр бойынша тыңдаушыларды Академия мұражайымен танысады, Қазақстан Республикасының барлық мереке күндері аталып өтеді. Tыңдаушыларды сабақтан тыс уақыттары мен мейрам, демалыс күндері тыңдаушылардың мәдениетін арттыру мақсатында оқу топ кураторлары Мемлекеттік орталық мұражайына, Ғ. Мүсірепов атында театрға, М. Әуезов атындағы драма театрға, Абай атындағы опера және балет театрына, орталық саябақтарға, кинотеатрларға, «Медеу» мұз айдынына және Алматы қаласының мәдени, көрікті жерлеріне алып барады. Алматы Академиясында КТК(КВН), вокалды аспаптар үйірмесі, үрмелі аспаптар оркестрі, ән, би, хор үйірмелері жұмыс істейді және заманауи техникамен жабдықталған Академия клубында көркем фильмдер көрсетіледі. Жыл бойы Академия тыңдаушыларымен мәдени-шығармашылық тұлғалармен, атақты спортшылармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, ІІД ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Жас мамандарды даярлау олардың қарулы қылмыскерлерді ұстауда және қорғанудың, шабуылдың арнайы тәсілдерін игеруімен, спорт және дене дайындығын дамыту және насихаттау жөнінде оларды физикалық желтілдіруімен тығыз байланысты. Бұл үшін Академияда барлық жағдайлар жасалған: Академия спорт залында күрес, бокс, волейбол, баскетбол, ауыр атлетика және тенниске арналған залдары бар. Академия басшылығы және профессорлық-оқытушылық құрамы, тәрбие жұмысы бөлімі және курс басшылығы келешекте ішкі істер органдары үшін жоғары маманданған қызметкерлерді жетілдіруге үлкен үлесін қосады.

АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.
Тел: 8(727) 337-81-11, Факс: 8(727) 337-80-88. Интернет пошта: Akademy_mvd@mail.ru сайт www.Academymvd.kz

Сондай-ақ, оқыңыз

«Бағдаршам-2018» – балалар байқауы

Биыл 20-29 тамыз күндері Қызылорда облысында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 18-ші …

8 Пікір

  1. Осы алматы ішкі істер академиясында тергеу-криминалистик мамандығы барма

  2. Хундыз

    Сәлеметсіздерме мен қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сыныбында оқып жүрмін болашақ мамандығымды әскери жаққа арнағым келеді әсіресе ішкі істер органын көздеп отырмын бірақ ЕНТ форматты өзгергенен кейін қалай түсуге болатындығын түсінбей қалдым осы туралы біраз мәліметтер бере аласыздарма деп сурағым келген және басқа қандай емтихандар тапсыру керек егер Ақпараттық жүйелер мамандығы(по специализации Информационные системы) жағына түсіп жатсам .
    Уакыт бөліп оқығандарынызға көп рахмет.
    Жауаптарынызды асыға күтемін

  3. Саламат

    Саламатсыз ба ?
    Бұл академияға қалай түсуге болады ?
    Гранд барма ?

  4. Қарлығаш

    Сəлеметсіздер ме? Бұл оқуға түсу үшін қандай құжаттар жинау керек? КТА дан нақты қанша балл алу керек? Осы жайлы нақты түсінікті қайдан алсам болады. Мен Жезқазған қаласынанмын. Алдын ала рахмет

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған