Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Жер жәннаты – Жетісу ән мен жырға бөленді

Жер жәннаты – Жетісу ән мен жырға бөленді

26 алмата алауЕліміздің Қарулы күштері арасында ең алғашқы болып ІІМ Ұлттық ұланының ақпараттық тобы өңірлерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру бойынша өз жұмысын бастап кетті.
Қараша айының 21-і мен желтоқсан айының 2-сі аралығындаҰлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов бастаған ұландықтардың ақпараттық тобы Алматы облысы мен Алматы қаласында болып, маңызды құжаттың мән-мазмұнын түсіндіріп өтті. Ең бірінші ақпараттық-насихат тобы 21 қараша күні Талдықорған қаласына табан тіреді. Бұл шара ақпараттық топ жетекшісінің облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесуінен бастау алды. Кездесу барысында Елбасының Жолдауын жеткізу жөніндегі жоспарлы шаралар, мақсаттар мен міндеттер жайлы сөз болды. Кездесуден соң ақпараттық топтың мүшелері 5514-әскери бөлімі аумағында орналасқан тәжік-ауған шекарасында қаза болған Ұлттық ұланның 17 жауынгеріне арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Одан кейін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында «Қазақстан Республикасы Президенті «Нұрлы жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл басқосуға облыстық басқарма, қалалық Ішкі саясат бөлімі, қоғамдық және ардагерлер ұйымы, облыс мекемелері мен құрылымдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сөз сөйлеген 25 алмата 652полковник Мұхаметқали Сатов Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тапсырмасына орай Ұлттық ұланның ақпараттық тобы алдағы онкүндікте Алматы облысында, сондай-ақ, Алматы қаласында Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру аясында жұмыс жүргізетінін атап өтті. Топтың негізгі мақсаты – өңірдің әскери қызметшілері мен азаматтарына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуді жандандыру, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған шараларды өткізу болды. Ақпараттық топпен бірге келген Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің әртістері өңір тұрғындарына патриоттық тақырыпта арнайы дайындалған концерттік бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауының әлем мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның экономикасына әсер етпей қоймайтын халықаралық саяси аренадағы шиеленіскен жағдайлардың әсерінен туындайтын күрделі сынақтардың алдын алатын қадам екеніне тоқталды. «Бейбітшілік пен тұрақтылық – ол күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы халықтық жетістік! Нұрсұлтан Әбішұлының бұл сөздері еліміздегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі міндеттерді орындауда аса жауаптылыққа шақыратын ұран іспеттес. Сондықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке құрамы мемлекетіміздің өркендеуі мен даму бағыттарын қолдайтынын, өз қызметтерімен тәуелсіздігіміздің құндылықтарын қорғап, көздің қарашығындай сақтайды», – деді топ жетекшісі өз сөзінде. Дөңгелек үстелде сөз алған «Нұр Отан» қалалық филиалының бюро мүшесі Сәбит Жайлаубаев, Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы Батырбек Аралбаев, заң колледжінің директоры Мықтыбек Рахымбек, қалалық Ішкі істер басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімхан Қартқожин және басқа да қатысушылар мемлекеттің дамуына қатысты шешімдердің уақытылы қабылданғанына және оның тарихи маңыздылығына тоқталды. Олардың ел тірегі болар жастарға тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген 26 алмата алау (22)жетістіктерді үнемі ұғындырып отыру керектігі жайлы көзқарастары бір жерден шықты. Келесі күні ақпараттық топ мүшелері қайырымдылық миссиясымен Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды. Сапар барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы атынан қарттар үйіне арнап директор Алма Нұрмұхановаға бағалы сыйлықтар табысталды, ал ән-би ансамблінің өнерпаздары ғаріп жандар мен қарияларға қайырымдылық концертін ұсынды. Одан соң топ жұмысы Текелі қаласының мәдениет сарайында жалғасын тапты. Мұнда да қала тұрғындарына Жолдаудың негізгі қағидаларын жеткізу жұмыстары жүргізіліп, Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. Сол күні кешке І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ақпараттық топ Талдықорған қаласының тұрғындарымен, мемлекеттік қызметшілермен, ішкі істер органдары қызметкерлері және ардагерлерімен кездесті. Кездесуде маңызды құжаттың әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылған бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының «Нұрлы жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты туралы» атты акция аясындағы іс-шаралардың дайындығы мен өткізілуіне белсене атсалысқан Алматы облысы мемлекеттік мекемелерінің бірқатар лауазымды тұлғаларын марапаттау туралы бұйрығы жеткізілді. Әскердің Бас қолбасшысы атынан Талдықорған қалалық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Ерлан Сансызбаевқа, Алматы облыстық ІІД АПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Талғат Базиевке, Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Лепесовке, Текелі қалалық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі А.Шайхинге, қарттар үйінің директоры Алма Нұрмұхановаға және т.б. азаматтарға медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әртістер өнер көрсету барысында сол күндері туған өлкесінде 100 жылдығы аталып өткен Ұлы Отан соғысының ардагерін, 28 панфилофшы-батырлардың бірі Мұсабек Сеңгірбаевты ұлықтады. Шараға оның ұрпақтары: немересі Төлеген Мұсабеков жұбайы Гүләйіммен, шөбересі, ҚР Ұлттық ұланының офицері, майор Тимур Мұсабеков қатысты. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ансамбль әншісі Мұрат Нұрғазиев аты аңызға айналған батырға арнап «Әкеге хат» әнін шырқағанда, залдағы көрермен ерекше қошемет көрсетті.
Жексенбі күні ақпараттық топ Ұлттық ұланның Ән-би ансамблімен бірге Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш аулына ат басын тіреді. Астаналық қонақтарды Қызылағаш ауылының әкімі Сәуле Әмитова бастаған ауыл кеңесінің белсенділері қарсы алды. Елордадан арнайы келген қонақтар осыдан бірер жыл бұрын осы елді мекенде орын алған топан судан қаза болған ауыл азаматттарына арналған ескрткішке гүл шоқтарын қойды.
узун агаш (40)Одан соң Қызылағаш орта мектебінде топ жетекшісі, полковник Мұхаметқали Сатов жоғары сынып оқушыларымен Ерлік сабағын өткізді. Ол жасөспірімдерге ерлік пен қазақстандық патриотизм, әскери мамандықтың мәні, оның адам өмірін сақтап қалу жолында жанын қиюға дайын болумен айқындалатын өнегелі ұғымы жайлы сөз қозғады. Жастарға қауіпті жағдайларда шынайы ержүректілік танытып, ерлік пен адалдықтың үлгісі бола білген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жайлы деректі фильм көрсетілді. Ашық сабақтың мақсаты – сол жастарға ел болашағының олардың іс-әрекеттеріне тікелей байланысты екенін жеткізу еді. Өскелең ұрпақтың – қоғамды, мемлекетті құрайтын, елімізде болып жатқан күллі процестерге ықпал ететін негізгі күш екенін ұғындыру болды. Кездесу соңында ұландықтардың Ән-би ансамблінің өнерпаздары ауыл жұртшылығын концерттік бағдарламамен қуантты. Елордалық қонақтар дүйсенбі күні физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Айналайын» балалар үйіне тоқтады. Мұнда мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Ішкі істер министрлігі басшылығы мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы атынан бағалы сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарлама қойылды.
Жер жәннаты Жетісудегі ақпараттық топтың жұмысы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен болған кездесумен аяқталды. 25-ші қараша күні ақпараттық топ Алматы қаласына ат басын тіреді. Сол күні Алматы қалалық Нұр Отан партиясының қолдауымен мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар Жолдаудың басым бағыттары жайлы өз пікірлерін ортаға салып, Ұлттық ұланның жасап жатқан ақпараттық насихат жұмысын жоғары бағалады. Оңтүстік астанадағы алғашқы жұмыс күнінде насихатшылар тобы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен ҚР ІІМ Алматы Академиясының жеке құраммен кездесіп, онда Ұлтық ұлан Ән-би ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті. Жалынды жастар талантты өнерпаздардың өнеріне аямай алақан ұрып, үлкен қошамет көрсетті.
Бұдан кейін Ұлттық ұланның насихат тобы Алатау ауданының тұрғындарымен, Ұзынағаш, Қаракемер, Заречный және Бекболат елдімекенінің, Есік қаласының жергілікті тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауын түсіндіріп, бағыт бағдарын айқындады. Есік қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де арнайы барып, сый-сияпат жасады. Жастарды отансүйгіштік тақырыбындағы ән мен жыр арқылы жігерлендіріп, жақсылыққа жетеледі. Ал, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Нұрсұлтан Әбішұлының сүйікті әндері оның туған өлкесінде шарықтады. Елімізге еңбегі сіңген қайраткер, полковник Рахмеджан Шамұратовтың жетекшілігімен Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің өнерпаздары ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісімге арқау болып отырған ұлт өкілдерінің ән-билерін паш етіп, Елбасының туған жері Үшқоңыр ауылының тұрғындарына үлкен мерекелік қуаныш сыйлады.

Қуаныш ҚОЖАХМЕТОВ,
Талдықорған-Алматы
Суреттер В. Гельблингтікі

Сондай-ақ, оқыңыз

Экономикалық даму көрсеткіштері

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған