Қысқы киім үлгісі арнайы тексерілді

DSC_8150Таяуда Қарағанды облыстық ІІД-нің қызметкерлері қысқы нысандық киім үлгісіне көшті. Қоңыр күздің бел ортасында жылдағы дәстүр бойынша қыс мерзіміне әзірлік жұмыстарын алдын ала пысықтап алу Ішкі істер департаментінің басшылық құрамы тарапынан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әскери қызметкерлер үшін саптық байқау – атаулы оқиғалардың бірі.
Дәстүрлі түрде жылына екі рет ұйымдастырылатын байқаудың мақсаты – әскери қызметшілердің түр-тұлғасын, киім-киісін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ережеге сай болуын тексеру болып табылады. Қыс мезгіліне дайындық бойынша әстүрлі шараға облыстық департаментке қарасты Ішкі істер басқармасы мен бөлімдерден жиылған сақшылар толықтай қатысты. Сап түзеген сақшыларды бөлім басшылары офицерлік жетондарының, нысандық киімдерін, бас киімдерін, жеке қызметтік куәліктері мен ысқырықтарының бар-жоғын мұқият тексеруден өткізді. Таңертеңгілік орталық алаңда сап түзеген сақшылардың қыс мерзіміне дайындығын байқау мақсатында облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры М.Жаппаров арнайы қатысты. Еліміздің көк байрағын желбірете ұстап, әнұран шырқалған соң салтанатты шеруді департамент басшысы құттықтау сөзімен ашты. Сөз соңында полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров полиция қатарына жаңа қабылданған жас сақшыларға алғашқы арнайы атақтарын өз қолымен табыстап, ант қабылдау рәсімімен құттықтады. Бұдан кейін Ішкі істер департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері жекпе-жек өнерінің түрлі әдіс-тәсілдерін шебер орындап жиылған жұртты тәнті етті. Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты.
Полиция қатарына жаңа қосылған елуден аса жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органдары ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің мүшесі Талғат Құдабаев та құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*