Халықтың қорғаны – Парасатты полицей

ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ подробно (10)Биыл ішкі істер органдары қызметкерлерінің төртінші рет ұйымдастырылған «Парасатты полицей» республикалық байқауы қасиетті Қостанай жерінде байрағын көтерді. Қостанай – Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Елдес Омарұлы секілді асыл азаматтардың туған жері. Қостанай – Алаш көсемдерінің бізге қалдырған аманат өлкесі. Өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы құрылу кезеңінде бұл өлкені орыс ұлты көп болғандықтан Ресейге қосу жөнінде шешім шыққан болатын. Алайда, Алаш көсемі Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы, Ә.Ермеков шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп, большевиктерді білімімен, шешендік ой-өрісімен, дәлелді уәжімен жеңіп, Қостанайды кері қайтарып алып еді. Тарихқа зер салсақ, сонау Сыр бойын қыстау еткен қазақ ру-тайпалары ежелден Торғай, Қостанай өлкелерін жаз жайлау етіп жайлаған. Қазақтың арғын, әлім, қыпшақ, керей, жаппас, табын рулары Сыр мен Қостанайдың Тобыл, Обаған, Әйет өзендерінің арасында көшіп-қонып, мекен еткен. Міне, осындай ата қоныста қазақ тілінің мәртебесін көтерген, тұғырын биіктеткен байқау бұл өлкеде ұлттық рухымыздың бұрынғыдан бетер асқақтай түсуіне серпіліс бергендей болды.
Ішкі істер министрлігі қасиетті тіліміздің қанат жайып, барлық салада кеңінен қолданылуына қолайлы жағдай жасап, осындай байрақты байқаулар өткізуді дәстүрге айналдырғалы қашан. Әрбір Ішкі істер департаменттерінде мемлекеттік тілді дамыту, қолданыс аясын кеңейту бағытында бүтін бір бөлімше жұмыс жасайды. Олар өздерінің жұмыс жоспарына сәйкес бір емес бірнеше іс-шараларды жүйелі жүзеге асырады. Басты мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін өзінің биігіне көтеріп, жалпы халқымыз тұтынатын тіл дәрежесіне жеткізу. Бұл игі мақсат жолында аянбай еңбек ету – тіл саласында қызмет атқаратын ішкі істер органдарының әрбір өкіліне бұлжымас парызы істепті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен екен. Бұл үлкен жетістік. Осынау жетістікке ішкі істер органдары қатарында тіл майданында күресіп, мемлекеттік тілді дамыту жолында еңбек етіп жүрген жандардың үлесі аз емес екені белгілі. Ішкі істер министрлігінің киелі мақсатты көздеген байқауына биыл еліміздің түкпір-түкпірінен ішкі істер департаменттері мен оқу орындарынан, сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесінен бас-аяғы 22 команда қатысты. Қазан айының 16-сы күні Қостанай қаласындағы филармонияда ашылған байқауға жұртшылық көп жиналды. Алдымен дүбірлі додада бақтарын сынауға келген 22 команда сахна төріне шақырылып, кейін осы командалардың өнеріне баға беретін ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ подробно (2)әділқазылар алқасы мүшелері таныстырылып, сайыс шымылдығы егемен еліміздің әнұранын айтудан басталды. Әнұран орындалған соң әрбір облыстың үмітін арқалап келген командалар таныстыру турына дайындалғанша залға жиналған көрермендердің назарына облыстық филармонияның өнерлі қыз-жігіттері күмбірлеген күйден шашу шашты. Орайы келгенде айта кетейік, былтырғы байқауда Қостанай облыстық ІІД-нің командасы үздік үштіктің қатарына енген болатын. «Полицейлер арасында талантты жандар өте көп. Мұндай байқаулар олардың тіл білу деңгейін анықтап қана қоймайды. Сондай-ақ, басқа да өнерлерінің ашылуына мүмкіндік жасайды. Өнер – өмірдің мәні, тіршіліктін нәрі сияқты. Онсыз адам баласының рухани деңгейі өсіп-өнуі мүмкін емес. Ал рухани деңгейі өспеген адамнан өнімді еңбек нәтижесін күте алмайсың. Қылмысты іздестіру болсын, қылмыстық атқару болсын, барлық салада ақыл-парасат алдыңғы орында тұр. Осы қасиетті дамытып жетілдірмейінше маманның бойында өз кәсібіне сай машығы да дамымайды. Сондықтан, мұндай байқаулардың әр қызметкер үшін берері мол. Сол себептен де Ішкі істер министрі «Парасатты полицей» сияқты байқауларға баса мән береді. Жоғары деңгейде өткізілуін басты назарда ұстайды. Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі шеңберінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» республикалық байқауын өткізу дәстүрге айналды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, мәртебесін арттыру, тәртіп сақшыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру және олардың құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын көтеру», – деп ой бөліседі ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділдә Ораз. Байқау шымылдығын ашқаннан кейін алдын ала тартылған жеребе бойынша әрбір команда «таныстыру» деп аталған турда бақ сынасты. Сайыс барысында әр команда топтың атауы, ұраны, мақсаты мен міндеттерін айту керек болатын. Алғашқы болып сайысты Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінен келген «Өскемен өрендері» бастап, кейін рет-ретімен әрбір команда өздерін таныстырып шықты. Сайыстың нағыз қызған шағы «Сегіз қырлы, бір сырлы», – деп аталған үй тапсырмасында байқалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментімен бекітілген ереже бойынша аталған турда әрбір команда полицияның имиджін көтеретін көріністер қойып, халықтың тыныштығын сақтап, қылмыспен күрес жолында қаза болған тәртіп сақшыларының ерлігін насихаттап, патриоттық әндер айтуы тиіс еді. Бір айта кетерлігі, аталған «Сегіз қырлы, бір сырлы» байқауында залдағы көрермендермен байқауға әділ бағасын беретін қазыларды күлдіртемін деп, жылатуға дейін барған командалар да кездесті. Ия, байқауда мұндай жағдайлар болады. Өнер, шығармашылық деген сол. Ол алдын ала жазылып қойған заңдарға бағына бермейді. Кейде көп нәрсе аяқ астынан өзгеріп жатады. Тапқырлық, алғырлық, сезімталдық сияқты адами қасиеттердің шыңдалатын тұсы да осы сәт қой. Байқауда көрерменге ой салған сахналық көріністерде әлі күнге дейін көз алдымызда қаз-қалпында сақтаулы тұр. Мәселен, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жерлестері, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінен келген «Тараз қырандары» командасы бүгінгі таңда қоғамда белең алған қарияларды қарттар үйіне өткізіп кету мәселесін сахналық көрініс ретінде қойды. Көргенімізді басынан баян етсек: үй жинаудан жалыққан, тырнақ-көзін бояп, сәнді киім киіп, қыдыруды ұнатып тұратын қарияның келіні осындай бір қыдырыстан келгенде ұнатып тұрмысқа шыққан жар дегенде жан жарының егде жасқа келген әкесінің чемоданын далаға лақтырып, артынша өзін де далаға қуып шығады. Сол мезетте қара шаңырағынан айырылып, далада мұңға булығып, көзіне жас алып тұрған қарияның жанына сол ауылдың учаскелік полиция инспекторы келіп, оқиғаның мән-жайын біледі. Тәртіп сақшысымен мұңдасқан қарияның арасындағы әңгіме ұзаққа созылады. Сөйтіп тұрғанда, қарияның ұлы келеді бұларға. Содан соң тәртіп сақшысы ұлымен сөйлесіп, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өсірген әкең еді, бұлай жасауға қалай арың барды?», – деп оның семіп қалған санасын сілкіп, ар-ұятын оятуға тырысады. «Өзі болған әйел төркінін танымас» деген сияқты дана халқымыз айтатын аталы сөздермен көзін шел басқан, жүрегі тас болып қатқан ұлдың жүрегін жібітеді. Сөйтіп, тәртіп сақшысының қатысуымен бір отбасы аман қалады. Бас-аяғы бес минутқа ықшамдалып жасалған бұл көрініс залда отырған әрбір тәртіп сақшыларының жүрегін елең еткізіп, көздеріне жас ұялатты. Нағыз полиция қызметкерлерінің оң имиджін көтеретін тағы да бір көріністі Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Қырағы қырандар» командасы көрсетті. Олар, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін сомдап, артынша Ғазиз ағамыздың ескерткішіне келіп егіліп тұрған ана мен баланың бүгінгі тағдырын әсерлі бейнелеп шықты. Бұл сөз еткен командаларымыз көрермен көңілінен шығып, полицияның нағыз ерлігін көрсетсе білді. Ақмола облыстық ІІД-нің командасы да көпшіліктің есінде ерекше қалғаны анық. Бұл команда тарихи танымдық бағытта көп еңбектенген екен. Ерте дәуірдегі ұлттық киімдер, түрлі-түстерді безендірудегі сапалы жұмыс, әдеби тілде жаттық сөйлеуі – бұл команданың ұлттық колоритін айқындай түскендей болды. Ал ақтөбеліктер мемлекеттік тілді насихаттаудың өзіндік жолын тапқандай әсер қалдырды. Ішкі істер департаментінің әртүрлі құрылымдары офицерлерінен құралған жас команда өз міндеттерін жүз пайыз орындап шықты. Олар отандастарымызды мемлекеттік тілді үйренуге шақыруды әдемі әзілмен жеткізді. Олардың әртістік қабілетін әділқазылар алқасы да жоғары бағалады.
Ал ІІМ Қостанай Академиясының ұстаздары мен тыңдаушылары тұтас бір бағдарламалық қойылым әзірледі. ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ подробно (3)Барабаншылардың өнері, республикадағы жалғыз карабиншілер взвоздының көрсетілімдері былайғы жұртшылықты ғана емес, байқауға қатысушылардың өзін ерекше әсерге бөлеген еді. Былтырғы жылы бас жүлдені қанжығасына байлаған астаналықтар бұл жолы «Тамаша» әзілдеріне құрылған қойылымдарымен көзге түсті. Барлық нөмірлері негізінен сақшылардың күнделікті жұмысын көрсетуге құрылғаны да сәтті шықты деп айта аламыз. Әзіл-қалжыңға бейім актерлері барлық қойылымды жүректерге жеткізе алды. Қостанайлық команда өздерінің туған төрінде намысқа тырысқаны байқалады. Олар «Парасатты полицей» байқауының барлық талаптарын жоғары деңгейде орындады. Болашақтың полицейлері қандай болу керек? Осы тұрғыдағы қойылымдары да өз діттеген мақсат-дүддесінен көрінді. Бірқатар нөмірлерге арнайы бөлімше қызметкерлері қатысқан болатын. Қостанай облыстық ІІД командасының қойылымға арналған бейне көрсетілімдері де оларды өзге қатысушылардан ерекшелей түсті. Мұның бәрін әділқазылар алқасы лайықты бағалады. «Үй тапсырмасын» орындауда қостанайлықтар бес саусақтай біріге түсті. Оның үстіне команданың қолдаушылары да оларға айрықша күш бере түскендей болды. Ал ҚР Ұлттық Ұланның 6697 әскери бөлімінің үрмелі оркестрінің өнері қостанайлықтардың көрсеткішін еселеді. «Тобыл тарландарының» капитан командасы, полиция майоры Жанна Жанбуршинова қостанайлықтардың бас жүлде алуына айрықша еңбек сіңірді деп айтсақ, артық болмайды. Ол мақал-мәтелдерге, ел тарихына қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Заңнамаға қатысты сұрақтарда іркілмей жауап берді. «Әрбір қызметкердің мемлекеттік тілді жетік білуі міндетті. Бұл, ең алдымен Елбасымыздың, осы уақыттың талабы. Ал талапты орындау бәрімізге де парыз, – дейді Жанна Жанбуршинова.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» турында әннен шашу шашып, мың бұрала би билегендер де кездесті. Мысалға, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінен келген «Алаш айбыны» командасы кезінде жаугершілік заманда атқа қонып, ұлтарақтай жер үшін жан алысып, жан берген бұрынғы батырлар, бүгінгі сақшыларды сахналық қойылым ретінде қойып, кейін тәртіп сақшыларының өнер жолындағы қырын көрсетіп, команда құрамындағы қос азаматтың күмбірлеген домбырасымен дәстүрлі әндерден ән жарыс жасады.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» байқауынан кейін дүбірлі жарысқа келген 22 команданың ішінен 3 турға он команда ғана іріктеліп алынды. «Нар тәуекел» деп аталған бұл турда әрбір командаларға тосынан сұрақтар қойылып тәртіп сақшыларының шапшаңдығын байқаса, осы турдан кейін соңғы айналымға 6 команда іріктеліп алынып, кім жүйрікті анықтады. Жарыстың келесі күні күн ұзаққа бақтарын сынаған командалар жүзден жүйрік шыққан командаларды білуге асықты. Алдымен марапаттау салтанаты Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының қызметкері Бақытжан Құдияровтың сөзіне жазылған мұражай директоры Айжамал Айтжанованың «Айбынды сақшылар» әнімен Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің «Алаш Айбыны» командасы ашты. Осыдан кейін марапаттау салтанатына Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов шығып, барлық командаларды республикалық байқаумен құттықтап, «Полиция қызметкерлерінің арасында дарындар жеткілікті, ал ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ подробно (14)«Парасатты полицей» байқауы полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін айқындап береді», – дейді. Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуі қызметте ғана емес күнделікті өмірде де қажеттілікке айналып отырғандығын атап өтіп, марапаттау салтанатына көшті. Ішкі істер министрі орынбасары мен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаевтың қолынан сайыстың бас жүлдесін Қостанай облыстық ІІД-нің «Тобыл тарландары» командасы, 1-орынды Жамбыл облыстық ІІД-нің «Тараз қырандары», 2-орынды Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің «15-ші өңір», ал, 3-орынды Ақтөбе облыстық ІІД-нің «Серт береміз» командасы алды. Жүлделер тапсырылғаннан кейін, сахнаға қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев көтеріліп, номинациялар бойынша марапаттау жүргізді. Мәселен, Атырау облыстық ІІД-нің намысын қорғаған «Мұнайлы астана» командасы «Ұйымшыл команда» атауын жеңіп алса, Қарағанды облыстық ІІД-нің «Алаш айбыны» командасы «Өнерлі команда» атанды. Ал, Маңғыстау облыстық ІІД-нің «Аманат» командасы «Көрермен көзайымы», Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің «Оңтүстік қырандары» «Тапқыр команда» деген аталымдарды иеленді. Ал, Қылмыстық атқару жүйесі командасының капитаны Дархан Берікбай «Үздік капитан» аталымын қанжығасына байлады. Осыдан кейін сахна төріне Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов көтеріліп, республикалық «Парасатты полицей» байқауының ауыспалы кубогын Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысына табыс етті. Келер жылы «Парасатты полицей» байқауы осы өңірде өтеді. Шара соңы Қостанай облыстық филармония әншілерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*