Орынбормен жасалған ортақ келісім

Актобе штаб казЖАҚЫНДА РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ОРЫНБОР ОБЛЫСЫНЫҢ СОЛЬ- ИЛЕЦК ҚАЛАСЫНДА ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД АҚТӨБЕ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН РФ ІІМ ОРЫНБОР ЖЕЛІЛІК БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Кездесу барысында Орынбор желілік бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Р.Магомедов ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жедел қызметтік жұмыстарының қорытындысы туралы баяндама жасады. Өз кезегінде Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ бастығы, полиция полковнигі Сарыбай Сəрсенов қызметтік кездесудің маңыздылығына қысқаша тоқталды. Бұдан соң, С.Сəрсенов ресейлік əріптестерін Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ-нің жұмысы, оның қызмет көрсету аймағы жəне онда орналасқан темір жол көлік нысандарының бүгінгі тынысы туралы ақпаратпен таныс- тырды. Бүгінгі күні есірткі айналымы, заңсыз көші-қон, қозғалыс құрамнан жүктерді ұрлау мен тонау сынды қылмыстармен күрес ең өзекті мəселеге айналды. Жалпы қылмысты құрықтау ісінде ұлттық жəне шекаралық деген болмайды. «Бұл ретте, екі елдің көлік сақшылары өзара əріптестікті нығайта отырып, ұсақ құқық бұзушылықтар мен ауыр қылмыстардың алдын алуда қоян- қолтық жұмыс жасаулары шарт. Кез келген заңға қайшы əрекеттерге қарсы шараларда ішкі істер органдары ықпалдастық таныта- тын болса, барлық қылмыстық əрекеттерге тойтарыс беруге болады», – деді басқарма басшысы. Кездесу барысында екі елдің көлік полицейлері жедел қызметтік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тəжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар темір жол көліктері арқылы есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдау, «бақылаулық тасымалдау» əдісі бойынша есірткі зат- тарын заңсыз тасымалдау арналарын жою, халықаралық іздестіруде жүрген қылмыскерлерді ұстау, қозғалыс құрамдардан жүктерді жымқырумен байла- нысты қылмыстарды ашу жəне алдын алу жұмыстары бойынша біріккен іс-шараларды ұйымдастыру мəселелерін талқылады. Өзекті мəселелер жан-жақты сараланғаннан кейін, жоғарыда айтылған бағыттарда жұмыстарды жандандыру мақсатында екі жақты ортақ келісімге қол қойылды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*