Келімсектерді кердеңдеткен «Көжиек жол»

келимсектерҚР ІІМ биылғы жылғы 17 сәуірдегі №24 және ҚР ҰҚК осы жылғы 2 мамырдағы №223 бірлескен бұйрығын жүзеге асыру барысында, үшінші елдің азаматтарының заңсыз көші-қонға және мемлекет аумағында адам саудасына қарсылық білдіру мақсатында – ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім-шарт Ұйымының мүшелері, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының алдын алу мен тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету үшін Ішкі істер департаменті Ұлттық қауіпсіздің комитеті департаментімен бірлесе отырып, 2013 жылдың мамыр айының 13-і мен 17-сі аралығында Алматы қаласының аумағында «Келімсек» алдын алу іс-шарасын жүргізді.
Мемлекеттік ұйымдар мен мүдделі қызметтермен бірлесе отырып алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған ұйымдар мен жеке тұлғаларды анықтау іс-шарасы жүзеге асырылды. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуге тәулік бойы 600-ден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Шара барысында сауда үйлері, дәмханалар мен барлар, мейрамханалар, көңіл көтеру мекемелері, қалалық базарлар мен оған іргелес жатқан аумақтар, соның ішінде шетелдіктер тұрып жатқан тұрғын жайлар, қонақ үйлер мен жатақханалар да тексерілді. Барлығы 5052 кешен тексерілсе, соның ішінде шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 114 кәсіпорындар мен ұйымдар, шетелдіктер оқитын 55 оқу орындары мен студенттер жатақханасы, әлеуметтік ахуалы күрделі аймақтардан келген 992 азаматтың мекенжайлары қамтылды. Елімізге келу тәртібін бұзғаны үшін 1548 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде ТМД елдерінен – 1471 (Өзбекстан – 809, Қырғыз Республикасы – 323, Тәжікстан – 73 және т.б.), алыс шетелдерден – 77 азамат болған. Көші-қон заңдарын өрескел бұзғаны үшін ҚР ҚК ӘҚ 394-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік жазаға тартылған 756 шетелдік Алматы қаласының әкімшілік сотының қаулысына сәйкес арнайы қабылдап-тарату мекемесіне тоғытылса, соның ішінде Өзбекстанның – 718, Қырғыз Республикасының – 19, Түркияның – 9, ҚХР – 6, Тәжікстанның – 2, Ресейдің –1, Грузияның бір азаматы болған. Сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан 62 шетелдік шығарылды, олардың 61-і Өзбекстан, ал 1-еуі Түркия азаматы. ҚР «Көші-қон туралы» Заңына сәйкес 640 шетелдіктің Қазақстан аумағында тұру мерзімі қысқартылды, оның ішінде Өзбекстаннан – 481, Қырғыз Республикасынан – 135, Тәжікстаннан – 20, Ресей, Украина, Түркіменстан мен АҚШ-тан – бір-бір азаматтың мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ азаматтарды айқындау жұмыстары да жүргізілді. Анықтау барысында ІІД қабылдап-тарату мекемесіне құжаттары жоқ 146 шетел азаматы тоғытылды, олардың барлығы да ТМД елдерінен. Сонымен бірге, әкімшілік жауапкершілікке 203 лауазымды тұлғалар мен ҚР азаматтары тартылды, оның ішінде, шетел азаматының тұру тәртібін бұзғаны үшін – 137, жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбегін пайдалану мен оларды еңбекке тарту – 66. Үстіміздегі жылдың 16-17 мамыр аралығында ІІД Көші-қон полиция қызметкерлері Алматы қаласының орталық киім-кешек базары аумағында жүргізілген рейдтік іс-шара аясында 136 шетелдік әшкереленді. Олардың барлығына әкімшілік ықпалда шара қолданылды, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 84 шетел азаматы ІІД қабылдап-тарату мекемесіне тоғытылды. Жүргізілген жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, 2013 жылдың 13 мамырында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін ҚХР-ның Гүлнұр есімді азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Алматы қаласы Владивос 29/б үй жалған мекенжайы бойынша «Көкжиек жол» ЖШС-ын тіркеп, ҚХР-дың екі азаматшасының көмегімен «Көкжиек жол» ЖШС атынан іскерлік визасын жасап шетел азаматтарының заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған. Осылайша «Көкжиек жол» ЖШС-нің іскерлік рұқсат қағазы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген ҚХР азаматтары еліміздің әртүрлі қалаларындағы «МНСК Синопек Казахстан» ЖШС филиалдарына жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, «Айага Тур», «Алекс Гранд», «ААА» ЖШС-не шетел азаматтарының заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру фактілері анықталды. Олар соңғы 5-7 жыл аралығында шақыру мақсаты рұқсат қағаздарымен сәйкес келмейтін Қазақстанға шетел азаматтарын шақырумен айналысып келген. Аталған барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды. Сонымен, ағымдағы жылдың 13 мамыры күні ІІД қызметкерлері Қостанай қаласының ІІБ ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана, заңсыз бұзғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасы А.АУсманова құрықтады. Сонымен қатар, дәл осы күні Алматы қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен тыйым салынған діни экстремистік «Хизб-ут-Тахрир» партиясының мүшесі – ұлттық, нәсілдік, діни, ұлтаралық іріткі салғаны үшін Қырғыз Республикасының Ош облысының ІІБ-да іздеуде жүрген қырғыз елінің тұрғыны Х.У.Буважанов ұсталды. Көші-қонды бақылау мен Алматы қаласындағы қылмыстық ахуалды сауықтыру жұмыстары бұдан әрі қарай да жалғасын тауып, тұрақты бақылауда болады.

Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*