Таңда шабуылдаған қарақшы туған інісі болып шықты

Орал иниси олим1ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БЕРГЕН МƏЛІМЕТТЕРІНЕ ЖҮГІНСЕК, ЖЫЛ БӨЛІМІНІҢ БЕРГЕН МƏЛІМЕТТЕРІНЕ ЖҮГІНСЕК, ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛҒА ҚАТЫСТЫ БАСЫНАН БЕРІ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛҒА ҚАТЫСТЫ 7 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛІП, ЖЕДЕЛ УƏКІЛДЕРДІҢ КҮНДІЗ- 7 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛІП, ЖЕДЕЛ УƏКІЛДЕРДІҢ КҮНДІЗ- ТҮНІ ТЫНБАЙ ІЗДЕУІ НƏТИЖЕСІНДЕ ОНЫҢ АЛТАУЫ ТҮНІ ТЫНБАЙ ІЗДЕУІ НƏТИЖЕСІНДЕ ОНЫҢ АЛТАУЫ АШЫЛҒАН. БҰҒАН ДЕЙІНГІ ТІРКЕЛГЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ АШЫЛҒАН. БҰҒАН ДЕЙІНГІ ТІРКЕЛГЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДАР ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ШАБУЫЛДАР ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДАРЫНДА, ҚАРАҢҒЫ ҚАЛТАРЫСТАРДА, КӨШЕ АЛАҢДАРЫНДА, ҚАРАҢҒЫ ҚАЛТАРЫСТАРДА, КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫНДА ЖƏБІРЛЕНУШІ МЕН БЕЙТАНЫС ҚИЫЛЫСТАРЫНДА ЖƏБІРЛЕНУШІ МЕН БЕЙТАНЫС ҚАРАҚШЫЛАР АРАСЫНДА ТІРКЕЛЕТІН ЕДІ.
Бұл жолғы қарақшылық шабуыл туған інісі мен туған апасы арасында болған. Қалайша дейсіз ғой, ағымдағы жылдың 28 сəуірі күні ащы судан шамалы ұрттап алған күдікті өзі танып- білетін бір үйге шабуыл жасап, үй ішіндегі заттарды ұрламақ болады. Сөйтіп, таңғы 6-да ол бетіне қара пердені асықпай киіп, қолына пышақты алып мықтап қаруланады. Сол бетімен Орал қаласындағы «Қазақстан» кинотеатры ауданындағы О.Кошевой көшесі 2/9-үйге келіп, есікті қағып көреді. Іштен ешкім ашпайды. Үйдің сыртқы есігін жұлқылап, бəтеңкесінің өкшесі түскенше тепкілейді. Бұл уақытта төргі бөлмеде таңғы тəтті ұйқы құшағында жатқан əйел адам да оянып, жанұшыра есікке қарай беттейді.

Орал иниси олимАл, күдікті болса, есікті айқара ашып, қолындағы пышақты сумаңдатып əйелдің зəре-құтын қашырады. Үйді басына көтере шыңғырған əйелдің дауысына қайғырмаған қарақшы қымбат телевизорды қолына алады. Қарақшы əйелмен бетпе-бет келгенде сөйлемей, дыбысын шығармай құтылмақшы болады. Əйел қарақшыны киімі мен жүрістерінен, қимылынан шырамытып, «бұл кім еді?» деген сұрақ ойына орала береді. Сəлден соң «полиция шақырамын, «102»-ге телефон шаламын, сен бəрібір ұсталасың» деп айқайлайды. Бəтеңкесінің өкшесін тастай қашқан қарақшы зу етіп келесі көшеге өтеді де, ғайып болады. Содан қала ішіндегі шұңқырларды паналап, із тасалайды. Жəбірленушінің арызы бойынша атқа қонған полицейлер қарақшыны ұстады. Қылмысты ашқан кезде жəбірленушіге қарақшылық шабуыл жасаған туған інісі екені анықталды. Жəбірленуші келіншек оқиғаны басынан-аяқ полицияға баяндап береді. Жылады, өкінді. Себебі, туған інісінен мұндай сорақылықты күтпеген шығар. Қазіргі күні күдіктінің үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Құрықталған күдікті Орал қалалық ІІБ Уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*