Табылған қаптама – марихуана

111Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары «Допинг» жедел алдын алу профилактикалық шарасы бойынша жұмыстарды одан әрі жағастыруда. Бұл шараның басты мақсаты – психотропты, есірткі және прекурсорлардың заңсыз сақтау, сату, сатып алу және қолданудың алдын алып, оларды жою болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мыңбай Асылбековтің айтуынша, жедел алдын алу шарасының 4 күні ішінде заңсыз айналымнан 5 қылмыстық факті мен 4 заң бұзушылық анықталған екен. Осылайша Уәлиханов ауданына қарасты Бидайық ауылындағы шекара бақылау бекетінде «Фольксваген-Транспортер» маркілі көлікті тексеру барысында скочпен оралған қап тәркіленді. Арнайы сарапта қорытындысы бұл «олжаның» марихуана екенін анықтап берген. Степногорск-Омск бағытында жол жүріп келе жатқан 40 жастағы такси жүргізушісінің айтуынша, бұл қапты Степногорск қаласынан сатып алған. бүгінде бұл оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Ресей Федерациясының тұрғыны қамауға алынып, сот-химиялық сараптамасын өткізу үшін шаралар қолданылды. Психотропты, есірткі және прекурсорлардың заңсыз сақтау, сату, сатып алу және қолданудың алдын алу мақсатында облыс аумағында орналасқан 17 дәріхана, 8 емдеу орны, 3 қойма мен 2 өндіру мекемелері тексерілді. Нәтижесінде психотропты, есірткі және улы заттарды сақтауда жасалған қателіктердің 3 фактісі тіркелді. Әкімшілік сот шешімі бойынша жауапты тұлғаларға айыппұл салынып, жауапқа тартылады.

Ерлан МАХМЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*