Күзет қызметі басқармасы қаһармандарды еске алды

DSC_8358Елордадағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты, сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Жамбыл облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітовті мәңгілік есте сақтау мақсатында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шара аясында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мұражайында «Ер есімі ел есінде» атты бұрыш ашылды.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі және Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі командаларының аяқдоп шеберлері өнер көрсеткен ойын өте тартысты өтті. Спорттық шара шымылдығын ашқан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрболат Сүйіндіков тараздағы лаңкестік оқиға кезінде шейіт болған әріптестерін еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады. Жарыстың ашылу рәсімінде Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Аманжолов құттықтау сөз алып, жарыстың мән-маңызына тоқталып өтті. DSC_8531«Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда, ел қауіпсіздігін күзетуде қызмет етіп жүргеннен кейін спортпен шынығу – міндетіміз. Елге қорған бола білген азаматтарды үлгі етіп, есімдерін ұмыттырмау үшін шағын футболдан жарыс өткізудеміз. Жарысқа 4 команда қатысады. Мұндай іс-шаралар азаматтық рухты көтеріп, кейінгі ұрпақтың білекті де жүректі болып өсуіне септігін тигізеді», – деді ол. Сондай-ақ, С.Аманжолов әріптестерінің басын қосқан шағын футбол жарысын Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Оралбек Омаров белсене ұйымдастырғанын атап өтті. Тартысты өткен жарыста жүлделі 1-орынды ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командасы жеңіп алды. 2-орынға Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы көтерілсе, 3-орын ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командасына бұйырды. Жүлдегер командалар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ІІМ Әкімшілік полиция Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының және ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының құрама командасы жарысқа белсенді қатысқандары үшін атап өтілді. Жарыс қортындысы бойынша ІІМ ҮМКЖ ПП командасының ойыншысы Ерболат Құнанбаев «Үздік шабуылшы» болып танылса, «Үздік қорғаушы» аталымы ІІМ (Астана қаласы) МКҚБ командасының ойыншысы Нұрлан Ұлтанбаевқа бұйырды. Ал, ІІМ ДӨКЖ ПП командасының ойыншысы Айдар Сейітов «Үздік қақпашы» атанды. Футболды сүйсіне тамашалаған біздер Оралбек Омаровтың осы шараны ұйымдастыру идеясын ары қарай іліп әкетіп, жақсы өтуіне өз үлестерін қосқан МКҚБ 2-ші ЖПБ-нің аға инспекторы Гүлбану Молдашбаевның еңбектері де елеулі деп түйдік.

Ғани АТЫМТАЙ, суреттерді түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*