Биік нәтиже кепілі – белсенділік

О проведении  слета  молодых сотрудников УССО ПавлодарПавлодар облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында өткен жас қызметкерлері мен тәлімгерлердің облыстық слетінің басты көздегені – құқық қорғау органдар қызметіне қабылданған жас қызметкерлерді тәрбиелеу мәселесіне, тәлімгерліктің рөліне көңіл аудару, бөліністерде моральдық-психологиялық ахуалды сауықтыру бойынша мақсатты жұмыс атқару, сонымен қатар қызметтік-әскери тәртіптің бұзылуына жол бермеу.
Слет кезінде сонымен қатар, қоғамдық құрылымдар, оның ішінде Тәлімгерлік кеңесінің іс-әрекетін белсендендіру бойынша шаралар қабылданды. Шара шымылдығын ашқан Павлодар облысы МКҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К.Дүйсекеев ішкі істер органдарында жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен жауапкершілігі мол қызметке бекітуде тәлімгерліктің рөлі жөнінде ойын ортаға салды. Ішкі істер органдарының ардагерлері атынан сөз алған Павлодар облыстық МКҚБ Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ю.Рогальский тәрбие жұмысын ұйымдастыруда облыс ішкі істер органдарының бөліністері мен Тәлімгерлер кеңесінің өзара қарым-қатынасына ерекше мән беріп, жас мамандарға ағалық ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ, ішкі істер бөліністеріндегі жас қызметкерлермен жұмысты ұйымдастыру жөнінде Екібастұз қалалық полиция батальонының аға нұсқаушысы А.Тлеубергенов мен Ақсу қалалық полиция ротасының аға нұсқаушысы К.Байманқұлов ой бөлісті. Слетте облыстық МКҚБ саптық бөліністер командирлерінің орынбасарлары Н.Биболов, О.Әмірғалиев пен Б.Даутпаев өз бөліністерінің қоғамдық құрылымдары, сонымен қатар, барлық бөліністердің тәлімгерлері атқарған жұмыстары жөнінде, ал, ішкі істер органдары қызметіне жас қызметкерлердің бейімделу мәселесі бойынша полиция жеке батальонының полицейі Р.Болтаев есеп берді. Сөз соңында батальон полицейі тәлімгерлер мен МКҚБ басшылығына жас қызметкерлерді оқуда бөлінген назарлары, үлгілері мен кәсіби кеңестері үшін алғысын білдірді. Павлодар облыстық МКҚБ жас қызметкерлері мен тәлімгерлердің облыстық слеті соңында ішкі істер органдарының жас қызметкерлерін тәрбиелеу ісіне белсенді қатысқаны, кәсіби тұрғыда көмек көрсеткендері және қызметте оң нәтижелерге жеткені үшін үздік тәлімгерлер марапатталды. Бағдарлама соңы слетке қатысушылардың Павлодар облыстық МКҚБ-ның Жауынгерлік даңқының тарихы мұражайына экскурсиямен жалғасты.

Рымбек ЕСТАЕВ, Павлодар облысы МКҚБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*