Министр марапаттар тапсырды

DSC_9807Ел Тәуелсіздігінің 22 жылдығы қарсаңында халықтың ыстық ықыласына бөленіп, халық мүддесі жолында тер төгіп жүрген бірқатар азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен құқық қорғау органдарының бір топ қызметкері де зор құрметке бөленді.
Өткен сенбі күні Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов ІІМ ғимаратына бірқатар әріптесін жинап, оларды ұлық мереке – Тәуелсіздік күні мейрамымен құттықтады. Әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып жүрген бірнеше басшы лауазымындағы сақшыға, атап айтсақ, Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арман Жалмұханбетовке ІІ дәрежелі «Даңқ» орденін табыс етті. ІІМ Жедел-криминалдық департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Аманқұлов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталса, Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев пен Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаровқа «Ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.  Сондай-ақ ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы, полиция полковнигі Алтынғали Әбдіғалиев пен ІІМ Тыл департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Нұрғазин «Ерен еңбегі үшін» медальдарына ие болды. Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанатбек Ешимов, ІІМ Заң департаментінің директоры, полиция полковнигі Сергей Пономарев және «Р» департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына лайық деп танылды. Ал, ІІМ Ішкі әскерлері ән және би ансамблінің басшысы, полиция полковнигі Рахметжан Шамұратов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына қол жеткізді.
Елбасының марапатын министрдің қолынан алған тәртіп сақшылары Тәуелсіздік күні мерекесін қуанышқа толы көңіл күймен қарсы алды.

Ғани АТЫМТАЙ, суреттерді түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*