ІІМ-нің жоғары оқу орындары үміткерлерді қабылдауды бастады

Прием в ВУЗы МВД РК по СКО 2Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД кадрлық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарын жабдықтау жұмыстарын бастады.
Медициналық комиссия, сонымен қатар, арнайы тексерулерді өткізуге байланысты ІІМ жүйесінің білім мекемелері талапкерлерді таңдауды уақытынан бұрын қолға алады. Полицияның оқу орындарына қабылдау екі кезең бойынша жүзеге асырылады: бірінші кезең – медициналық, физикалық және психологиялық көрсеткіштерді қамтыса, екіншісінде қабылдау комиссиясы үміткерлерді тыңдаушылар қатарына қабылдай бастайды. ҚР ІІМ оқу орындарына түсуге құжаттарды әзірлеу барысында қойылатын басты талаптар – орта және орта жоғары білім, сонымен қатар, жас мөлшері 25-тен аспауы тиіс.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Жанар Бегалинованың мәлімдеуінше, жоғары заңгерлік және техникалық білім мамандарын даярлауды жедел криминалистік және ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша ІІМ Алматы Академиясы, тергеу-криминалистік және жедел-криминалистік мамандықтары бойынша Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы, әкімшілік-құқықтық сала бойынша Қостанай Академиясы жүзеге асырады. ҚР ІІМ ішкі әскерінің әскери институты құжаттарды «Әскери іс» және «Қауіпсіздік» мамандықтары бойынша қабылдайды. ІІМ оқу орындарына түсуге үміткерлердің физикалық даярлығына және медициналық көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіп мықты денсаулықты қажет ететіндіктен, әскери-дәрігерлік комиссия тексерісті екі айналым бойынша өткізеді. Білімін шыңдаған түлектер оқу орны жолдаған полиция бөлімшелерінде міндетті түрде жұмысқа орналастырылады және оларға жоғары заңгерлік білімі туралы жалпы үлгідегі диплом табыс етіледі. Оқу барысында тәрбиеленушілер казармаларға орналастырылып, оларға стипендия төленетіндігін атап өткен жөн, сонымен қатар, үш мезгіл тамақтандыру мен формалық жасақтау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына қабылдау талаптары мен тәртібі жайында толығырақ ақпаратты, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ресми сайтының «Кадрлық жұмыс басқармасы» бөлімінен алуға болады. Құжаттарды қабылдау 30 мамырға дейін жалғасады.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*