Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Мерекедегі марапат

Мерекедегі марапат

САПТЫК байкау ЗКО 4Биыл 1 желтоқсан күні ел тұрғындары екінші рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Осыдан екі жыл бұрын еліміздегі мерекелер күнтізбесіне өзгеріс енгізіп, жаңа айтулы күн қосу Парламенттегі бір топ депутаттың бастамасы болатын.
Бұл Елбасының елге, оның дамуына сіңірген зор еңбегін бағалап, Ұлт көшбасшысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеп, ардақтап жүруіне сеп боларлық мереке. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Осынау мерекеде Жеңіс алаңында Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті бастығы М.Абисатовтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұхамбет Қасымовтың полиция қызметкерлерін құттықтау хаты оқылып, қызметте ерекше көзге түскен сақшыларға алғыс хаттар табыс етілді. Батыс Қазақстан облыстық ІІД бастығы Махамбет Абисатовтың құттықтау сөзінен кейін қызметкерлерді көтермелеу туралы Ішкі істер министрлігі және Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бұйрығына сәйкес, тәртіп сақшыларына кезекті арнаулы атақтары ұсынылып, мақтауға тұрарлық әрекеттері үшін қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен төс белгілері табыс етілді. Атап айтар болсақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Орал қалалық ІІБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жәнібек Дусимов, Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен Орал қалалық ІІБ аға тергеушісі, полиция капитаны Альбина Молдашева, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен Орал қалалық ІІБ патрульдік-жол полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Бөкенбай Насимуллин марапатталса, облыстық ІІД Жедел криминалистикалық басқармасының бас криминалисі полиция подполковнигі Михаил Аронов және облыстық ІІД Жәнібек аудандық ІІБ-нің аға инспекторы Эльмира Шарафетдиноваға ҚР ІІМ грамотасы табыс етіліп, бірқатар тәртіп сақшысына алғыс хат берілді. Шара соңы әдемі сап түзеген полиция қызметкерлерінің салтанантты шеруімен аяқталды.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Бала жетістігі – ата-ана қуанышы

«Адамның бақыты – балада» деген халық даналығы текке айтылмаған. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған