Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Сыннан өткен шынығады

Сыннан өткен шынығады

слет мастеров ВВ (7)Отан алдындағы әскери борыштарын адал, абыроймен атқарып жүрген әскери істің майталман шеберлері мен білгірлері таяуда «Батыс» өңірлік қолбасшылығында үш күндік жауынгерлік қызмет үздіктерінің бас қосқан байқау слеті өтті. Бұл шараға Батыс өңірінің Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау әскери бөлімдерінен келген түзеу мекемелері күзеті қарауыл қызметтерінің бастықтары мен әскери жасақ бастықтары қатысты.
Байқаудың алғашқы күні жедел дайындық басқарма бастығының міндетін атқарушы майор Рүстам Хасанов саптық тексеріс өткізді. Содан соң әскери бөлімінің мәжіліс залында жауынгерлік қызмет үздіктері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшыларымен кездесіп, өздері толғандырып жүрген сауалдарына жауаптар алды. Одан кейін жиынға қатысушылар «Батыс» өңірлік тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары басқармасы ұйымдастырған мәдени-сауаттық шараларға белсенді қатысты. Сол күні келісімшарттағы сержанттар Орал шаһарының көрнекі жерлері мен мұражайларды және театрларды аралап көріп, тамашалады.
Екінші күні сержанттар Ата Заңымыз бен әскери жарғылардан сынақ тапсырды. Байқау барысында жауынгерлік қызметтің озаттарына өз істерінің төңірегінде сұрақтар беріліп, білімділігі тексерілсе, олардың шымырлығы спорт залында, ал мергендіктері атыс алаңында байқалды. Жауынгерлік қызмет үздігі, шебері деген абыройлы атқа ие болу үшін жарысқа келген әскери қызметшілердің барлығы да алдағы қиын сынақтардан сәтті өтіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Олар өз қызметтік міндеттерін жақсы білетін, білікті де тәжірибелі мамандары екендіктерін байқау барысындағы тестілеу мен атудан және денешынықтыру дайындығы бойынша өткізілген сынақтарда дәлелдеді. Байқаудың сонғы күні Жастар мәдениет үйінде ең үздіктерге арналған мерекелік құрметтеу кешіне ұласты. Бұл айтулы шараға, Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов, БАҚ, Ішкі істер департаментінің, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері және әскери бөлімнің ардагерлері қатысты.
Осы игі шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен ашылды. Жиынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Кайрат Ақтанов ашты. «Біз сіздердің жауынгерлік қызметте қол жеткізген жемістеріңізге дән ризамыз. Отанымызды қорғауда халқымыздың тыныштығын сақтап, абыройлы еңбектерімен көзге түсіп жүрген Ішкі әскер қырандарының бізде әр кезде паш етіп мақтанамыз. Алдағы уақытта да әскери шеберліктеріңіз арта берсін және де бұдан үлкен асқақ биік шыңдардан көріне беріңіз деген сенімдемін», – деді ол. Жарыс қорытындысы бойыншы мыңнан білгір, тұлпардан жүйрік шығып жеңімпаз слет мастеров ВВ (10)атанған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қызмет саңлақтары – қарауыл бастықтары: аға сержант Нұрбол Қанатбаев, сержант Төремұрат Қанатқалиев, бақылаушылардың әскери жасақ бастығы, сержант Евгении Семенов, қоғамдық тәртіпті күзетудегі әскери жасақ бастығы, сержант Алмас Маштақов дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы Жастар мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты. Осы байқау барысында өздерінің аталымы негізінде ең үздік танылған келісімшартты бойынша әскери қызметшілер алдағы уақытта Астана қаласында Ішкі әскер комитетінде өтетін қорытынды «Үздік жауынгерлердің байқауы слетіне» қатысып, өз бақтарын сынайды. Подполковник Бағдәулет Оспанбеков пәрменгерлік ететін әскери бөлімнен келген сержант Төремұрат Қанатқалиев. «Мен бүгін атқарған жұмысымның жемісін көріп тұрмын десем де болады. Әскери бөлім мен құрама басшылығы еңбегімді елеп, озаттар байқауына келіп отырмын. Мен түзеу мекемесінің қарауыл бастығының ең үздігі атанғаныма мақтан тұтамын», – деді қарауыл бастығы, сержант Т.Қанатқалиев.

Ерболат СҰЛТАНОВ, Орал қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Өзгенің өмірі үшін…

Төтенше жағдайға тап болған азаматтарға тәуліктің 24 сағаты ішінде көмекке келуге дайын тұратын Павлодар облысының …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған