Жедел ашылған қылмыс саны– 3281

40hMsBY4Соңғы апта ішінде республика аумағында 7231 қылмыс тіркелген. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел әрі сапалы шаралары нәтижесінде 281 қылмыстың ізі суымай ашылды. Сонымен қатар, осыған дейін жасалған 694, оның ішінде, өткен жылдар санатындағы 24 қылмыстың соңына нүкте қойылды. Қылмыскерлердің құрықтау бойынша фактілерді келтірсек, іздеу жарияланған 89 қылмыскер ұсталып, 10 дана қару тәркіленіп алынды. Ал есірткінің заңсыз айналымына қатысты 50 қылмыс анықталып, оның ішінде 23-і сату фактісі болды. Қылмыскерлерден 40 келіден астам есірткі заты, оның ішінде жарты келіге жуық героин заты тәркіленіп алынды. Бұл жөнінде ІІМ-дегі кезекті апталық брифингте ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.Қандықолдар құрықталды
ubil-starushku-molotkom-pozarilsja-na-dengiЖуырда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері екі айға жуық уақыт бұрын жасалған қанды қылмыстың бетін ашты. Қыркүйек айының соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 35 жастағы Шыңғырлау кентінің тұрғынын іздеу жұмыстарына полицияның барлық күштері жұмылдырылған болатын.
Қылмыстық істі ашу кезінде жедел іздестіру тобының қызметкерлері 23 пен 24 жастағы кент тұрғындарын қолға түсірді. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, күдіктілер кенттен 3 шақырым жердегі өзен маңында жәбірленушіні өлгенше ұрып-соғып, қылмыстың ізін жасыру мақсатымен оның денесін айдалаға апарып, көміп тастаған. Бірнеше күннен кейін ғана мәйіт ауылдан 20 шақырым жерден табылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Дәлелдік базаны нығайту мақсатында кешенді жедел тергеу шаралары жүргізілуде.

«Қазақ үлгісіндегі ұрлық» шытырманы
Өткен аптаның бір күнінде Қостанай облысында әйел адам өзі танитын зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуылын ұйымдастырған. Арты қайғылы болуы әбден мүмкін болған қылмыстық оқиға Әулиекөл ауданының Аққұдық кентінде орын алған.  Екі ер адам және жоғары айтылып кеткен әйел адам үшеуі 72 жастағы зейнеткердің үйіне есікті бұзып кіріп, оны пышақпен қорқытып, ұрып-соғады да 12 мың теңге мен ұялы телефонды жымқырып кетеді. Қылмысты ұйымдастырушылар оқиға орнынан алысқа бара алмай, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 23 жастағы екі ер азамат пен 31 жастағы әйел адамды құрықтап, соңғысының аталған қарақшылық шабуылын ұйымдастырғанын анықтайды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Қаруланған тұрғындар ұсталды
Алматы облысында ІІМ Криминалдық полиция комитеті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері апталық тапсырмаларын бұлжытпай орындапты. Басқарма қызметкерлері «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп, бірнеше облыс тұрғынын құрықтады. Тінту кезінде олардан танкіге қарсы қолданылатын гранататқыш пен Макаров тапаншасы тәркіленіп алынды. Бұл ретте 41 мен 24 жастағы ер адамдарды Іле ауданы Междуречинск кентінде құрықтау кезінде олардан тапанша табылған. Ал күзет вагонын тексергенде де жатын бөлмеден 5,45 мм калибрлі 268 автомат оғы және 9 мм калибрлі 19 оқ тәркіленіп алынған. Сондай-ақ, кереуеттің артынан танкіге қарсы қолданылатын қол гранататқышы табылды. Бұл гранататқыш нөмірленбеген, сонымен қатар тапаншаның да нөмірі өшірілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Нашақорлардың 12 келі «наны»
брифинг5Жамбыл облыстық ІІД Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес басқармасы іс-шараларды сәтті өткізуде. Полицей қызметкерлерінің күшейтілген түрде жұмылдырылған тобы кезекті шарада жақсы нәтиже көрсете алды. Олар жалпы көлемі 12 келі марихуана тапты. Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде «Аспара-Тәтті» аралығынан облыстың екі тұрғынын қолға түсіріп, олардың әрқайсысынан 6 келі марихуана тәркілеп алды. Қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша күдіктілерге үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. «Мона» – мықты маман Өткен аптада Астана тұрғынынан 120 грамнан астам героин табылды деп мәлімдеді ІІМ баспасөз орталығы. Оларға есірткі затын табуға «Мона» иті көмектескен болатын.
ІІМ-нің Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес комитеті мен Көліктегі ІІД-нің қызметкерлері қылмыстық іске қатысты тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 34 жастағы елордалық тұрғынның қорасынан «Мона» атты қызметтік-із кесуші иттің көмегімен 120 грамнан астам героин тапты. Қазіргі таңда есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау үшін жедел іздестіру, арнайы және тергеу кешенді шаралары жүргізілу үстінде.
Сонымен қатар, апта аясында «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Астана қалалық ІІД Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағына есірткі заттарын тасымалдау және сатумен айналысып келген азаматтарды құрықтау бойынша арнайы операция жүргізді. Полиция қызметкерлері Астана-Қарағанды тас жолының «Қызыл-жар» шекара-бекетінде Астана қаласының тұрғынын қолға түсіріп, одан 100 грамм героин тәркілеп алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-бабы 1-бөлім 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*