Екі тыңдаушының ерлігі

Павлодар оку орталыгы герои2013 жылдың қараша айында Павлодар қаласындағы көшелердің бірінде оқыс оқиға болды. Арам ниетті қарақшы көшеде келе жатқан әйелді тонап, ізін жасырып кетпек болған.
Көшеде келе жатқан келіншектің бұзақы тұзағына түсіп қалғанын сол аймақта сейілдеп жүрген ІІМ-нің Павлодар қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушылары Ж.Шәріпов пен Е.Сұлтанбеков көріп қалады. Көмекке шақырған дауысты ести сала екеі әлгі қарақшының артынан тұра ұмтылады. Екеулеп күдіктіні қолға түсіргенде оның қолында жәбірленуші әйелге тиісілі мүлік бар болып шыққан. Тыңдаушылар дереу «102» нөміріне қоңырау шалып, болған оқиға жөнінде Павлодар қалалық ІІБ-не хабар берген. Тәртіп сақшылары келгенге дейін күдіктіні орынан тырп еткізбей ұстап тұрған тыңдаушылар кейін Ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне болған оқиға жайында толық мағлұмат берген. Қазір бұл оқиғаның мән-жайы анықталып, қарақшы тиісті жазасын алды.
Өз кезегінде ҚР ІІМ-нің Павлодар қаласындағы Оқу орталығының басшылығы тәлімгер Ж.Шәріпов пен Е.Сұлтанбековке алғысын жеткізіп, сын сәтте қырағылық таныта білген жігіттердің ширақ қимылдарына ризашылықтарын білдірді. Осы іс-әрекеттері арқылы тыңдаушылар Отанына адал, адамгершілігі мол, сонымен бірге қарапайым халықтың мақтанышы бола алатын жандар екенін дәлелдей білді. Болашақ құқық қорғау органының қызметкерлері оқу орталығында оқу мерзімін аяқтаған соң Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы М/Ч-167/11 мекемесіне тәртіп және күзет бөлімінің бақылаушысы ретінде қызметтерін жалғастырмақ. Осындай ержүрек тәлімгерлер мен қызметкерлердің арқасында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген халық сенімі арта түсетіні сөзсіз. Біз өз тарапымыздан ІІМ-нің Павлодар қаласындағы Оқу орталығының тәлімгерлері мен ұстаздарына, оның ішінде орталық басшысы, полиция полковнигі М.Әбілқасымовқа қоғамдағы тыныштықты сақтайтын қызметкерлер тәрбиелеу жолындағы зор үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Айнаш МӘЖІТ, ІІМ Оқу орталығы, Павлодар қаласы

1 пікір

  1. Елінің тыныштығы үшін, кез келген қауіпке бас тіге алатын. Осындай ержүрек азаматтар барда,болашағымыз жарқын болмақ.Ержүрек бауырларымыз аман болсын.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*