Бадам өзені бүккен құпия ұзамай ашылды

 

бадам 2-бет2013 жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан өңірінде 184 аса ауыр қылмыс тіркелген. 172 іс тергеліп, сотқа жолданған. Аса ауыр қылмыс жасаған 173 азамат сотталған. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл қаралы санның 30 пайызға артқанын байқауға болады.
Сонымен қатар, 99 адам өлімі тіркеліп, 101қылмыстық іс ашылып, 107 адам қамалған. Өткен жылғы 8 адам өліміне қатысты қылмыстық іс ашылған. Адам өлтіру дерегі 22 пайызға төмендеген (өткен жылы 127). Сонымен қатар, қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар 27 пайыз, қарақшылық бойынша 77 пайыз, мас халде жасалған қылмыстар 59 пайыз, қоғамдық ортада 14 пайызға азайған. Ал кәмелеттік жасқа толмағандар арасында 25 пайызға, әйелдерге қатысты 7 пайызға төмендеген. Ағымдағы жылдың 10 айында адам өліміне қатысты қылмыстың ашылмағаны бесеу. 2012 жылдан осы уақыт аралығында 12 дерек ашылмаған. 2013 жылдың 21 қарашасында сағат таңғы тоғыз шамасында, Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ-не хабарлама келіп түскен. Хабарламада кездейсоқ жаяу жүргінші Бадам өзенінде жасы 35-40 шамасындағы белгісіз ер адамның қорлап өлтірілген денесі жатқанын айтқан. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол 1976 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мәйттің бас және мойын тұсынан алған ауыр жарақаттан қайтыс болғанын анықтаған.
Сол күні бірнеше сағаттан соң жедел іздестіру іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай 1978 жылы туған орталықтың тұрғынын ұстады. Ол зорлау мен бұзақылық, тағы басқа қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған екен. Тергеу кезінде анықталғаны, қылмыс орын алар күні оның үйіне өзінің танысы келген. Бірақ, ол мас халде болған. Содан екеуі спирттік ішімдік ішуді жалғастырған. Жәбірленуші күдіктіні жаман сөздермен балағаттаған, сол кезде күдікті шақырусыз келген қонаққа бірнеше рет ескерту жасаған, алайда арада ұрыс шығып арты төбелеске айналған. Жәбірленуші асхана пышағын алмақ болып ұмтылған кезде, күдікті темір құбырмен жәбірленушінің басы мен мойын тұсынан бірнеше рет ауыр соққы жасаған. Осы соққыдан жәбірленуші еденге құлаған. Ал, күдікті жәбірленушіні өлгенше ұрып, оның өлгенін сезіп, мәйіттен құтылмақ болып, өлі денені арбаға салып, Бадам өзеніне апарып суға тастаған. Жәбірленуші қылмыстың ізін жасырмақ болып үйіне келіп, қан жағылған еден мен арбаны сумен жуып айғақ заттардан арылмақ болған. Одан айғақ зат ретінде темір құбыр, арба және қылмыс жасау кезінде қолданылған басқа да заттар алынды. Бұл қылмысқа қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабы «Адам өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*