Жеткіншектерге жол ережесі түсіндірілді

БҚҚД.4Қызылорда қаласында оқу жылының бірінші демалысынан кейін қайта сабаққа келген бірінші сынып оқушыларына әкімшілік полиция қызметкерлері жол ережесін еске түсіру мақсатында сабақ өткізді.
Қызылорда қаласының орталығында орналасқан №3 мектеп-гимназиясының бірінші сынып оқушыларына әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалыс ережелерімен бірге жол белгілері жөнінде түсіндіріп өтті. Қаланың орталық көшесінің бойында орналасқандықтан және дәл осы мектептің алдында автокөлік қозғалысы қайнап тұрғандықтан оқушылардың жолдан өтуі біраз қиындық туғызады. Жол қозғалыс ережелері жөнінде сабақты өткізуді осы мектептен бастауларының бірден-бір себебі де осы. Кішкене бүлдіршіндерге жолдан өту тәртібі, жол жиегінде ойнауға болмайтындығы жөнінде полиция қызметкері түсіндіріп өтіп, сабақ соңында ҚР ІІМ-нің тапсырысымен дайындалған «Жолдос спешит на помощь» атты анимациялық мультфильмі көрсетілді.

Қызылорда облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*