Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / «Түнгі қаладағы балалар»

«Түнгі қаладағы балалар»

Ағымдағы жылдың 19 мен 22 қараша аралығында республика көлемінде өткізілген ауқымды шара осылай аталады. Жасөспірім арасында жиі орын алатын қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмаған жеткіншектердің өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтқан жедел алдын алу шарасы сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылық пен қылмыстарды ескерту және алдын алу, оларға алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде үлкендердің қарауынсыз жүру фактілерін анықтау және құқықтық сауаттылығын арттыруды көздеген-тін. Шара шеңберінде ұйымдастырылған түрлі акция, дөңгелек үстел, кездесулер жергілікті атқарушы органдар – прокуратура, білім, балалар құқығын қорғау мекемелері, «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік қалалық филиалы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мектептің ата-аналар комитеті, ойын-сауық ошақтарының жетекшілері және қызметкерлері, аймақтардағы колледждер мен жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналар және педагогикалық ұжымы белсенді атсалысты. Төменде біз әр аймақта өткізілген «Түнгі қаладағы балалардың» түйінін жариялап отырмыз.Түнгі қаладағы балалар (2)

Астана қаласы
Төрт күндік жедел шара аясында елордадағы №64 мектеп лицейінде «Жасөспірім және заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар, №17 мектеп лицейде қаланың дәрігер наркологтары және балалар құқығын қорғау басқармасы өкілдерімен «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға бейнероликтар көрсетіліп, құқықтық түсіндіру лекциясы оқылды. Прокуратура өкілдері мен Астана қалалық ІІД ювеналды полиция қызметкерлері сөз сөйлеп, тұрмыстағы зорлық, отбасылық құндылықтар туралы әңгіме өрбітті. Дөңгелек үстелге қатысушылар, өзара диалог құрып көтерілген проблемалар талқыланды, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, елордалық құқық қорғау органдары және білім ошақтарының педагогикалық ұжымы, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, біраз өзекті мәселе талқыланды. Астана қаласында ағымдағы жылы түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүрген 204 және тұрғын-жайдан тыс жерлерде жүрген 1570 факті анықталған. Былтырғы жылға қарағанда құқық бұзған балалардың саны артып отыр.
ҚР ӘҚбК 112-1-бабына сәйкес, ойын-сауық орындарында мезгілсіз уақытта кәмелетке толмаған балалардың болуына жол бергені үшін 80 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қараусыз және қадағалаусыз жүрген 536 бала Астана қаласы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Жамбыл облысы
Бұл акцияға Жамбыл облысының тәртіп сақшылары да белсене қатысты. Акцияның бірінші күні Тараз қалалық ІІБ алаңында Жамбыл облытық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық ІІБ 1-ПБ, 2-ПБ, 3-ПБ полиция Справка по ОПМ Дети в ночном городе (1)инспекторлары түгелдей атсалысса, білім ошақтары мен «Нұр Отан» ХДП ЖФ, сонымен қатар, республикалық және облыстық БАҚ өкілдері де іс-шараның куәсі болды. Облыстық ІІД ӘПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Қуанышбек Қалжанов бастаған полиция қызметкерлері мен акцияға қатысушылар бірінші кезекте қала орталығында орналасқан көңіл көтеру орындарын тексеруге кірісті.
Тексеру кезінде 16 жастағы жасөспірімнің Қойгелді көшесінің бойында орналасқан дәмханада заңды өкілсіз жүргендігі анықталса, тағы бір ойын-сауық ошағынан алкогольдік ішімдік ішкен қыз бала назарға іліккен. Сонымен қатар, осы шара барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі дәмхана-барларда жұмыс істейтіндігі де әшкереленіп отыр. Шараның бірінші күні-ақ, облыс көлемінде 137 ойын-сауық орталығы, 22 түнгі клуб, 85 дәмхана-бар, 30 интернет-дәмхана тексеріліп, алты жұмысшысы мен ойын-сауық орталықтарына кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізгендігі үшін көңіл көтеру орындарының әкімшісі ҚР ӘҚБК-нің 112-1-бабы бойынша жауаптылыққа тартылса, 9 ата-анаға осы заңнаманың жаза тағайындалды.

Көліктегі ІІД
Жедел іс-шара кезінде көлік сақшылары жергілікті атқарушы, білім, денсаулық органдары, көлік прокуратурасы, «Нұр Отан» және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, теміржол және әуе көлігі обьектілерінде орналасқан ойын-сауық орындарында түнгі уақытта тексеру бойынша 3 күн ішінде 47 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде үлкендердің қадағалауынсыз жүруіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 41 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу, заң талаптарын түсіндіруге бағытталған 173 акция арнайы-орта және жалпы білім беру қалалық және ауылдық мектептерде өтті. Акция барысында теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері, жұмысқа орналасу кезінде туындайтын проблемалар, бос уақытта спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты көптеген мәселелер қозғалды.

Орал қаласы
Осы шара шеңберінде Орал қаласындағы №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінде «Қоғамда зұлымдық пен қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа орын бар ма?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бижанова, әлеуметтік педагог Р.Исқақова және 8-9 сынып оқушылары қатысқан кездесу барысында осы мектептің инспекторы, полиция капитаны инспектор 2.ОРАЛИ.Давыденко дәріс оқып, оқушылардың көтерілген тақырып бойынша ой-пікірлері тыңдады. Бүгінгі жасөспірімнің тәртібі қандай? Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс мықты ма? Түнде жасөспірімнің көшеде жүруі жөн бе? Сен тұрмысы нашар отбасы туралы білесің бе? Тәртіпсіз баланың қоғамға зияны қандай? Осы тектес бірнеше сауалдарға бірлесіп жауап іздеген оқушылар мен ұстаздар қауымы тартысты да тағылымды сұхбат құрып, ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мектеп инспекторы Ирина Давыденко №25 жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар кезінде діни лаңкестікке қатысты сан сауалдар қойылып, жазбаша түрде жауаптар алынды. Мектеп оқушылары түрлі тақырыпта ұйымдастырылған дөңгелек үстел, семинар-тренинг, сынып сағаттары секілді көпшілік-мәдени шараларға белсенді қатысып, өз пікірлерін еркін білдіріп келеді.

Алматы қаласы әуежайындағы
Желілік полиция бөлімшесі
Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында іске қосылған «Түнгі қаладағы балалар» алдын алу шарасына ЖПБ-нің барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, жедел шараға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, «Алматы қаласы әуежайы» АҚ мекемелерінің және «Нұр Отан» партиясының «Жастар қанаты» филиалдарының өкілдері тартылды. Акция барысында Алматы қаласы әуежайындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімшесі кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі тобының инспекторы полиция капитаны Р.Бакиев, Алматы авиациялық көлік прокурорының көмекшісі Г.Тазабеков, Алматы қаласы №44 жалпы білім беру мектебінің 1-11 сынып оқушыларына дәрістер оқыды. Күнделікті жеке құрамның заңдылықты қатаң сақтауы, азаматтармен сыпайы да ілтипатты қарым-қатынас жасауы және Алматы қаласы халықаралық әуежайындағы азаматтардың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздіктері ЖПБ басшыларының қатаң бақылауында тұр.

Петропавл қаласы
Петропавл қалалық ІІБ полицейлері 19 қарашадан бастап шара шеңберінде рейдтер өткізіп, ювеналдық полиция қызметкерлері түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 50-ден астам әкімшілік хаттама толтырды.
Қалалық ІІБ ювеналдық полицияның инспекторы, полиция лейтенанты Қуаныш Қанжігітовтің мәлімдеуінше, рейд кезінде ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар мен тұрғын аудандардың аулалары жіті бақылауға Дети в ночном городе_Петропавловскалынған. Осындай тексеру шаралардың бірінде тәртіп сақшылары 6 күн бойы үй көрмей қаңғып жүрген Жұмысшы кентіндегі мектептердің бірінде 4-сыныпта оқитын 10 жастағы оқушыны анықтады. Бір қынжылтатыны баланың 35 жастағы анасы, ұлының жоғалғаны туралы полицияға 4 күн өткен соң ғана хабарласқан. Оқушыны сақшылар ДСР шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінен тапқан. Инспекторларға 10 жастағы жеткіншек ішімдікке салынып кеткен анасының кесірінен үйінен безіп, қайтып оралғысы келмейтіндігін ашып айтқан. Қазіргі таңда бұл бала кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімделу орталығына орналастырылып, ал араққа салынған шешесіне қатысты ата-аналық құқынан айыру мәселесі көтерілді. Ал, 12 және 17 қараша аралығында полиция қызметкерлері «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күрес күні» акциясын өткізді. Іс-шара барысында ювеналдық полиция қызметкерлері үлкендердің қарауынсыз жүрген 50 жеткіншекті анықтаған. Облыс орталығында өткізілген бір түнгі рейдтің өзінде үлкендердің қарауынсыз жүрген 4 жасөспірім ұсталып, барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, балалар ата-аналарына тапсырылды. Қалалық ІІБ ювеналдық полицияның учаскелік инспекторы, полиция капитаны Айнаш Нұртазинаның айтуынша, рейдтік шаралар, сонымен қатар өзге де алдын алу жұмыстарының арқасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын төмендетуге мүмкіндік мол. Егер өткен жылы кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 150 қылмыс жасалса, биыл бұл көрсеткіш 85-ті құрады.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Бағдаршам-2018» – балалар байқауы

Биыл 20-29 тамыз күндері Қызылорда облысында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 18-ші …

2 Пікір

  1. Жас өспірімдер түнде көшеде жүрген жагдайда полициядан ескерту алса кейн үлкейгенде мемлекеттік жұмыс істей алады ма

    • Сәлеметсіз! Мемлекеттік қызметте жұмыс істейм деген адам да, ешқандай ескерту,әкімшілік айыпұл болмағаны абзал. Себебі байқау барысында комиссия мүшелері қатты қарайды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған